50-жыл жетістіктер


Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің (ҚҚЭУ) (бұрынғы Орталықтұтынушылар одағы Қарағанды кооператив институтының (ОҚКИ)) құрметті түлектері!

2016 жылы ҚҚЭУ-ге 50 жыл толады. Осы оқу орнын әр жылдары бітірген, өзінің өмір жолында, қызметінде, қызметпен өсу баспалдақтарында жоғары нәтижелерге жеткен, біздің түлектеріміз - Сіздерден, өздеріңіз жайлы, сондай-ақ өзіңіз қарым-қатынас жасап тұратын, байланысыңызды үзбеген біздің түлектеріміз жайлы бізге хабарлауларыңызды сұраймыз және біз Сіздердің жетістіктеріңіз туралы ақпарат алғымыз келеді.

Бірінші кезекте, мынадай мәліметтер жайлы хабарласаңыздар:

  • Республикалық мемлекеттік басқару органдарында (ҚР Президентінің Аппараты, ҚР Министрлер кабинеті, салалық Министрліктер, күштік құрылымдар және т.б.) жұмыс істейтін, басшылар мен қызметкерлер туралы
  • облыстық мемлекеттік басқару құрылымдары мен салалық ведомстволардың (Әкімдіктердің, Департаменттердің, бөлімдердің және т.б.) басшылары және жетекші қызметкерлері туралы
  • ҚР Парламентінің (Мәжілістің, Сенаттың), қалалар мен облыстардың депутаттары болған, Қазақстан Республикасының (жақын және алыс шетелдердегі), қоғамдық ұйымдардың және т.б. көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы
  • ірі мемлекеттік холдингтердің, кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың басшылары мен көрнекті қызметкерлері (Президенттері, вице-президенттері, департаменттер директорлары, бас директорлары, директорлары және т.б.) туралы
  • Қазақстан Республикасы мен өзге елдердің білім беру жүйелерінің басшылары мен көрнекті қызметкерлері (ҚР БҒМ қызметкерлері, ЖОО-лардың, колледжердің, ҒЗИ-дың, жеке меншік оқу орындарының басшылары, кафедралар меңгерушілері, ғылым докторлары, профессорлары) туралы
  • Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері тұтыну кооперациялары жүйелерінің (Қазтұтынуодағы, Облыстық тұтынушылар одақтарының кәсіпорындары мен оқу орындарының) басшылары мен жауапты қызметкерлері туралы
  • жеке меншік коммерциялық құрылымдардың меншік иелері мен басшылары (құрылтайшылары, директорлары, АҚ төрағалары, департаменттердің басшылары және т.б.) туралы
  • жоғары оқу орнына әр жылдары елеулі қаржылық, материалдық қолдау көрсеткен, университетті бітірген түлектер арасынан шыққан меценаттар мен демеушілер туралы
  • өз университетінің 50-жылдығына келгісі келетін, Қазақстанда, шетелде тұратын және жұмыс жасайтын түлектер туралы

Сондай-ақ:

  • студенттік өмірдегі және жұмыстағы қызықты оқиғалар тарихын;
  • тарихи құндылығы бар фотосуреттерді салып жіберулеріңізді сұраймыз.

Құрметті түлектер, түлектердің деректері, олардың мекен жайлары мен телефондары туралы университеттің ұйымдастыру комитетіне ақпарат беріп, университеттің мерейтойлық іс-шараларына қатысқыларыңыз келетіні туралы хабарлауларыңызды сұраймыз.


Барлық ақпаратты мына мекен жайға жіберуге болады:
факс: 8 (7212) 44 16 32


Улақов Сайран Нұрсұлтанұлы
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,
телефон: 8 701 3838 910


Суиндыков Женисбек Суиндыкович
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,
телефон: 8 701 349 3026

Электронный университет
3D тур КЭУ
Мы в контакте
Темпус