• Blog news

Тілдерді үйретудің инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістері

2012 жылдың 12 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының қатысуымен қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік тілді оқытудың озық, жаңашыл әдістерін меңгеруге арналған «Тілдарын» тілдерді оқыту инновациялық технологияларының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілдерді үйретудің инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістері» атты семинар өткізілді.

Тілдерді үйретудің инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістері

Семинар модераторы – Сара Сейітқызы Жұманова. Семинар барысында мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі жаңашыл әдістері туралы айтылып, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің ең тиімді  жолдары талданды. Сұрақ-жауап негізінде жасалған модуль талданып, тақырыптары сараланды. Семинарға қатысқан оқытушылар:   Қабатаева Клара Тұрсынханқызы – кафедра меңгерушісі ф.ғ.к.,профессор,   Тойжігітова Мүслима Шәріпқызы – доцент, Исабекова Күләш Жаркенқызы – доцент, Жөкеев Төлеухан Базарханұлы – ф.ғ.к.,доцент, Ахметжанова Жанар Балтабекқызы – ф.ғ.к.,аға оқытушы, Билял Балкен Қалымқызы – аға оқытушы,  Келмағамбетова Шолпан Сағынтайқызы – аға оқытушы, Баербекова Алия Ермұратқызы – оқытушы. Семинар соңында оқытушыларға сертификат берілді.

Команда КВН "ФаQультет"

Команда КВН "ФаQультет"

факультета экономики и управления КЭУ

Команда КВН "ФаQультет" факультета экономики и управления образовалась осенью в 2011 году, перед проведением межфакультетских игр КВН на Кубок Ректора КЭУ. В состав команды входили студенты 1 курса. В этом же периоде они впервые побеждают и приносят в свою копилку первый в своей жизни Кубок.

Руководителем команды является заместитель декана ФЭУ по воспитательной работе, преподаватель кафедры экономической теории и ГМУ, магистр Юсупов Мухамеджан Турсумбаевич. Капитаном и идейным вдохновителем в команде является Жумабеков Мади, его лидерские качества ведут команду в правильном направлении. Звукооператором команды, чья работа проводится тонко и со вкусом является музыкант Сулеймен Бейбарыс. За хореографию и постановку танцев отвечает Пак Татьяна, опыт которой приносит большой успех для команды. Конферансье в команде – Демшанов Руслан, который грамотно объявляет шутки в процессе игры, его приятная внешность 80-процентный успех каждой миниатюры. Яркие и оригинальные игроки в команде, чей талант оценивается высоко и с достоинством, являются Старосельский Виктор, Джабаев Алибек, Алтымбаев Диас, Есмурзаева Айжан, Есмуратова Эльнара, Сыязбай Толеген.

С первых дней образования команда КВН "ФаQультет" имеет ряд достижений, который представлен в хронологическом порядке:

Подробнее...

Фестиваль “На языке мира и согласия”, посвященный Дню языков народов РК

Кафедра иностранных и русского языков 11октября 2012года  провел фестиваль “На языке мира и согласия”, посвященный Дню языков народов РК. В конкурсе приняли участие студенты «Факультета экономики и управления» и «Учетно-финансового факультета».

Тіл – ұлт жүрегі

2012 жылдың 21 қыркүйегінде қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы және 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тілдері күніне арналған «Тіл – ұлт жүрегі» атты әдеби-музыкалық кеш өтті (өткізілген уақыты: 15.00. 206 ауд.).

Кеште 1 курс студенттері мемлекеттік тілде және басқа ұлт тілдерінде (француз, ағылшын, өзбек тілдерінде) әндер орындап, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, кеште мың бұралған биші қыздарымыз ұлттық би билеп, РД-11 тобының студенттерінен құралған «Әуен» аспапты ансамблі домбыра мен скрипкада өз өнерлерін көрсетті. Тіл апталығында І курс студенттеріне «Тіл – халық жанын танудың кілті», «Тіл – достықтың дәнекері», «Өнер алды – қызыл тіл», «Туған тілім – тірлігімнің айғағы», «Тіл – ұлт жүрегі» шығармашылық тапсырма бойынша қорытынды жасалып, ең үздік жазылған эсселер марапатталды. Мәнерлеп оқу сайысы мен ән айтып, би билеген студенттер де дипломмен және алғыс хаттармен марапатталды. Кешке қатысқан студенттер: Аятбек Ринат, Саматов Қазбек, Төкенов Қуаныш, Сайлаубекова Жансая, Муравская Нина, Сафронова Настя, Трепачко Анастасия, Штраух Елена,  Төлеубаева Аида, Мейрманова Гүлдена, Айдарова Айнұр, Абдыкаримова Ақнұр, Ильясова Адолат, Аманбаева Әлия, МН-11 тобы және РД-11 тобының студенттерінен құралған «Әуен» аспапты ансамблі.


Күй атасы – Құрманғазы

2012 жылдың 15 қазанында  274 аудиторияда қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының оқытушысы Ә.Е.Баербекованың МО-12,13 тобында «Күй атасы – Құрманғазы» атты ашық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, күйлердің шығу тарихына көңіл бөлу. Сонымен қатар, сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту және халқымыздың  ұлы адамдарының  шығармаларын ұмытпауға, мәдени мұраларын құрметтеуге, қадір тұтуға тәрбиелеу болып табылады. Сабақта қолданылған көрнекіліктер: презентация, «Адай» күйінің видеоклипі, «Тіл қоржын» ойынына арналған қоржын, үлестірмелі парақшалар. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгіме әдісі, тапсырмалар, ойын түрлері, сөзжұмбақ, кестелер. Сабақ барысында студенттер күйші Құрманғазының күйлерінің шығу тарихын айтып, өз пікірлерін білдіріп, тақырыпқа қатысты тапсырмалар орындады.


 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL