Профессор МАНУЭЛА ТРОШКЕНІҢ іс-сапары
2014 жылдың 26 мамыр мен 3 маусым аралығындаҚарағанды экономикалық университетіне Малайзия Технологиялық университетінің (Terengganu) мұғалімі басшылығымен бір топ студенті қонақ ретінде сапар кешті.
Студенттер «Орталық Азия елдеріндегі туризм» атты бағдарлама бойынша оқыды. Оқу бағдарламасы дәріс және семинар сабақатарын, Қарағанды тау-орман көгалында оқу сабақтарын өтті, Астанаға экскурсия жасап, сонымен бірге мұражайларға (Өлкелік мұражай, ҚарЛаг) барды және мәдени бағдарламадағы Академиялық музыкалық комедия театрымен танысты («Севильский цирюльник» операсы).
Толық...
|
Оқу барысында студенттер Қазақстан экономикасы, бизнес пен сауықтыру ресурстары туралы негізгі ақпараттармен, қазақ халқының сал-дәстүрлері мен ұлттық асханасымен танысты. Теориялық бөлімнен басқа, сабақтар тәжірибелік қосымшалардан да тұрды. Осылай, студенттер кәсіпкерлікті және Қазақстанда бизнесті үйлестіруді үйреніп, Орталық Азияның туристік нарығының логистикасын қарастырып, «NOMAD Travel Kazakhstan» туристік фирмасының тәжірибелік сабақтарына қатысты.
Қонақтар Қарағанды экономикалық университет студенттері мен мұғалімдерін Малайзия елімен таныстырды: «Шығыс інжүі» туралы баяндап, малайзия асханасы бойынша мастер-классөткізді, ұлттық киімдер мен музыкасын көрсетті. Бағдарлама бітісімен малайзиялық студенттер Қарағанды экономикалық университетінде өткен «Орталық Азия еледеріндегі туризм» атты жобаның нәтижелері бойынша бейне таныстыруын жасап, оны қорғады, онда олар Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту жолдары мен ұсыныстарын баяндады.
|