• ФАКУЛЬТЕТТЕР

Жылдың мамандықтары


Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті


Образовательные программы КЭУ

Құрметті талапкерлер!


Өз атымнан сонымен бірге экономика және басқару факультетінің барлық оқытушылары мен қызметкерлері атынан сіздерді Қарағанды экономикалық университетіне қош келдіңіздер деп құттықтауға рұқсат етіңіздер! Әрбіреуіңіз қай жерге оқуға түсү және өз болашағымды қай мамандықпен байланыстыру секілді өте жауапты таңдаулар алдында тұрсыздар. Қабылданған шемідеріңіз ойланған және сараланған болуы тиіс. Оқу барысы қызықты да танымды болуы қажет, сонымен бірге болашақ кәсібіңіз қанағаттанарлы және жемісті мансап, лайықты еңбекақы жоғарғы әлеуметтік мәртебе мен қоғамда белгілі бір бедел алып келуі тиіс.
Факультет табалдырығын аттап өткеннен кейін, Сіздер білім мен шығармашылық басшылық ететін ерекше өмірге түскеніңізді дереу сезінесіздер. Біздің факультетте оқудың ерекшелігі тек білім алуда ғана емес, сонымен қатар өзіңізді жаңадан тану, өзіндік даму болып саналады.
Экономика және басқару факультеті Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкесті кәсіби маманданған қызметкерлерді дайындайды. Экономикалық білімді студенттер бес мамандық бойынша меңгереді: экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, дүниежүзілік экономика, халықаралық қатынастар.
Қарағанды экономикалық университетінде студенттерді тиімді қолдау және ынталандыру жүйесі жұмыс істейді.
Экономика және басқару факультетіне түсіп, сіздер халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатыса аласыздар. Факультет бірнеше жетекші ресейлік және батыс еуропалық университеттерімен қарым- қатынастар орнатып, бағдарламаларды жүзеге асырады.
Біз сіздермен ХХI ғасырда өмір сүреміз. Бұл ғасыр жаһандандыру ғасыры, мұнда экономистерге қойылатын барлық талаптар әмбебап болып табылады.
Сіздердің аттарыңыз біздің беделді түлектеріміз тізімінде ерекше орынға ие болатынында менің күмәнім жоқ. Ол, әрине, сіздердің бұл өмірде белгілі бір жетістіктерге жету мақсатыңыз бен өз парасатыңыз және шығармашылық қабілеттеріңізді дамыу нәтижесінде ғана мүкін болады. Ең бастысы, бұл өмірдегі көптеген заттар сіздерден, сіздің ықыластарыңыз, оптимизм, мақсаттылық пен бірізділігіңізге байланысты екенін түсіну.

 

Біздің командамызға қош келдіңіздер!

Құрметпен, Экономика және басқару факультетінің деканы
Гимранова Галия Ильясовна, э.ғ.д., профессор
Байланыс телефоны: 8(7212)441619

ЭБКФ оқу-әдістемелік сұрақтар жөніндегі декан орынбасары
аға оқытушы Блялов Бахытжан Ерикович
ЭБКФ тәрбие жөніндегі декан орынбасары
Юсупов Мухамеджан Турсумбаевич
Байланыс телефондары: 8 (7212) 44-16-19 ішкі 192


Факультет мамандықтары:

6В04101 Экономика

6В04102 Менеджмент

6В04105 Мемлекеттік және жергілікті басқару

6В03101 Халықаралық қатынастар

6В04108 Бағалау

6В05201 Экология


Бизнес, құқық және технология факультетінің

Жылдың мамандықтары

Құрметті талапкер!

Өмірде сәттілікке жетуді және кең әлемде өз орнын табуды армандайсыз ба? Міне, сіздің өміріңіздегі маңызды сәт-болашақ мамандықты таңдау. Әрине, сіз: "Мен кім боламын? Мені не күтеді?».
Университетті және болашақ мамандықты таңдау-әр адамның өміріндегі ең маңызды және жауапты сәттердің бірі! Кәсіби өсу, мансап және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері алынған білім сапасына байланысты.
"Бизнес, құқық және технология" факультетінің студенті болу құрметті және жауапты. Біздің факультетте әрбір талапкердің алдында үлкен перспективалар ашылады. Студенттер арнайы әзірленген университеттік бағдарламалар бойынша оқиды, тәжірибелі ғалымдар мен оқытушылардың жетекшілігімен ғылыми зерттеулер жүргізеді, қызықты жастар жобаларына қатысады және оларды нақты өмірге енгізеді.
Құрметті ректорымыз айтады, студент - бұл біздің өміріміздің барометрі.
Құрметті талапкер, мен сіздерді Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде үздік жылдарын өткізуге шақырамын. Бұрынғы түлек, ал қазір "бизнес, құқық және технология" факультетінің деканы ретінде қызықты болатынына кепілдік беремін!
Құрметпен, бизнес, құқық және технология факультетінің деканы

Рахимгулова Маншүк Булатовна. PhD, доцент.
Байланыс телефоны: 8 (7212)441558 ішкі.120
БҚжТ деканының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
Аешова Нұргүл Теміртайқызы
БҚжТ деканының тәрбие жөніндегі орынбасары
Елеубекова Назгүл Елеубекқызы
Байланыс телефоны: 8 (7212)44-15-58 ішкі.121


Факультет мамандықтары:

6В01402 Дене тәрбиесі және спорт менеджменті Білім беру бағдарламасы
6B11102 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі
6B04212 Құқықтану
6В01401 Құқық және экономика негіздері
6В04213 Таможенное дело
6B11101 Туризм
6B10201 Әлеуметтік жұмыс
6В07201 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
6В07502 Стандарттау, сертификаттау және метрология


 Қаржы, логистика және сандық технологиялар факультеті

Образовательные программы КЭУ

Құрметті талапкерлер!

Кешегі талапкерлер университетке түсіп, жаңа «студент» статусын иеленеді. Университеттегідей, біздің факультетімізде де студенттердің жаңа ортаға бейімделуі үшін барлық шаралар жасалынады. Декандар мен бірінші курс кураторлары студенттерде пайда болған барлық сұрақтарға кез келген уақытта жауап беруге дайын. Студенттің оқуына оң әсер тигізу мақсатында, ең бастысы – оның оқуға ынтасын қанағаттандыру үшін, біз әрбіріне жеке көңіл бөлеміз. Деканат студенттердің ата-аналарымен әрқашан байланыс орнатып отырады, оларды балаларының табыстары мен жетістіктері жөнінде хабарлайды.
Бірінші оқу жылының ерекшелігі – студенттердің жалпы гуманитарлық пәндерді меңгеруінде. Бұл гуманитарлық көзқарасын қалыптастыру және, соның негізінде, кәсіби сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді.
Бірінші курста ең бастысы – студентті оқу мен өз уақытын үнемді пайдалануға үйрету. Білім алуда басты рөл профессорлық-оқытушылық құрам болып табылады, өйткені студентке білім беретін де, көптеген бағыттар ішінен маңыздысын табуға көмектесетін де оқытушылар.
Оқудан тыс студенттер одан да белсенді өмір сүреді. Біздің факультет студенттері көптеген іс-шаралар мен спорт ойындарына белсенді қатысады.


Құрметпен, Қаржы, логистика және сандық технологиялар факультетінің деканы
Серикова Гулзира Салмаганбетовна, э.ғ.к., доцент
Байланыс телефоны: 8(7212)441629, ішкі 130
Оқу-әдістемелік сұрақтар жөніндегі декан орынбасары
Юлия Магдатовна, э.ғ.к., доцент
Тәрбие жөніндегі декан орынбасары
Аубакирова Алтынай Тлешовна, э.ғ. к., доцент.
Байланыс телефоны: 8(7212)441634, ішкі 163


Факультет мамандықтары:

6В04103 Есеп және аудит
6В04104 Қаржы
6B11303 Логистика (салалар бойынша)
6В04106 Маркетинг
6В06101 Ақпараттық жүйелер
6В06102 Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету
6B06103 IT аналитика


Қашықтықтан оқыту факультеті


 
 

Құрметті талапкерлер, болашақ студенттер!

З.Н. Борбасованың құттықтау сөзі

Қашықтықтан оқыту факультеті деканының міндетін атқарушы З.Н. Борбасованың құттықтау сөзі:
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданумен білім беру жаңа деңгейге жетіп, әр адамға еңбек нарығында өз орнын табуға және табысты мансапқа жетуге мүмкіндік беретін өз дағдыларын, білімі мен дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Заманауи интернет-технологияларды қолдану арқылы студенттер мен тыңдаушыларға оқу процесін ең ыңғайлы және минималды шығындармен ұйымдастыруға тырысамыз. Қашықтықтан оқыту факультетінде оқи отырып, әрбір адам тұрғылықты жері мен жұмыспен қамтылу дәрежесіне қарамастан лайықты білім ала алады. Қашықтықтан оқыту жүйесі сізге қажетті дағдылар мен білімді үйден, офистен немесе компьютерлік дәрісханалардан алуға мүмкіндік береді. Бұл қашықтан оқытудың дәстүрлі білім беру формаларынан ең маңызды артықшылығы. Бүгінгі қашықтықтан оқыту факультеті:
• ең ірі факультеттерінің бірі;
• қазіргі заманғы білім беру технологиялары;
• ең жақсы баға-сапа коэффициенті;
• әр студенттің мүмкіндіктерін ескере отырып, тиімді оқыту кестесі;
• оқудың барлық кезеңінде жеке тәсілдеме, әдістемелік көмек және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.
Біздің студенттеріміздің контингентін мектеп және лицейлердің түлектері, мамандандырылған колледждер, жас ата-аналар, компаниялардың басшылары және мемлекеттік құрылымдардың басшылары құрайды, олар факультеттің жан-жақты мүмкіндіктері туралы айтады.
Атап айтқанда: оқу-әдістемелік материалдардың (соның ішінде электрондық интерактивті оқу кешендерінің) бірегей базасы, ақпараттық ортадағы дағдылары бар үздік оқытушылар, сабақтарды ұйымдастырудың ыңғайлылығы, әрбір студентке оқу процесін ұйымдастыруға уақтылы кеңес алу үшін куратор тағайындау.
Біздің факультетке түсе отырып, талапкер шынымен дұрыс таңдау жасайды!
Біздің факультеттің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Олардың көбісі мемлекеттік қызметте және бизнесте көшбасшылық орынға ие болып, тамаша кәсіби мансап жасауда.


Қашықтан оқыту – бұл сіздің болашаққа деген қадамыңыз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus