• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
  • СТУДЕНТКЕ
  • Бірінші курс студенттеріне арналған ақпарат

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

 

Барлық факультеттердің, оқу нысандары мен деңгейлерінің 1 курс студенттері үшін маңызды ақпарат.

 

Құрметті бірінші курс студенттері! Университетке бейімделу процесін жеңілдету үшін біз Сізге осы бетте аса маңызды ақпаратты жинауға тырыстық

Жалпы ақпарат

Оқу процесін ұйымдастыруды түсінуге қажетті барлық ақпарат университет сайтында «Студент» қойындысында орналастырылған.
Бірінші кезекте студенттің анықтамалық-жол сілтегішімен танысу қажет СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ - БАҒДАРШАМЫ, мұнда университет, оқу процесі туралы және жекелеген сұрақтарға жауаптар көрсетілген.

Деканаттар

Оқу процесімен байланысты барлық сұрақтарға іс жүзінде Сіз өз деканатыңыздан жауап аласыз.
Факультеттердің тізімі (Факультеттер бөлімін қараңыз).

Анықтамалар өтінімі

Студенттерге қызмет көрсету орталығында немесе мына сілтеме бойынша Анықтамаға өтінім беруге болады sc.youngstudent.co

Топтар бойынша бөлу

Топтар бойынша бөлумен деканаттардың қызметкерлері айналысады. Егер Сіздің қандай да бір тілегіңіз болса, деканатқа айтыңыз. Топтар тізімі деканаттар жанындағы ақпараттық стендтерде ілінеді.

​1 қыркүйек

Академиялық күнтізбеге сәйкес 2023 жылғы 31 тамыздан 2 қыркүйекке дейін бірінші курс студенттері үшін бағдар беру апталығы өткізіледі.

Бакалавриат пен магистратураның күндізгі оқу нысаны: оқу жылы 2023 жылғы 4 қыркүйектен басталады. Оффлайн.

Қашықтықтан оқыту технологиясын (ҚБТ) қолданып оқитын күндізгі оқу нысаны: оқу жылы 2023 жылғы 4 қыркүйектен басталады.

Аралық бақылау, сессиялар мен каникулдарды өткізу мерзімін 2023-2024 оқу жылының академиялық күнтізбесінен де көруге болады (Академиялық күнтізбе).

Кітапхана

Жазылу және электронды ресурстарға қашықтан қол жеткізу кітапханада жеке өзімен жүзеге асырылады.
Кітапхана-ақпараттық кешеннің жұмысы туралы барлық өзекті жаңалықтарды (жұмыс кестесі, әдебиеттерді беру кестесі, оқу сабақтары) мына сайттан табуға болады. http://lib.keu.kz . Жаңартуларды қарап отырыңыз..
Барлық курстар үшін оқу әдебиеттерін беру кестесімен осында танысуға болады.

Шетел студенттеріне

Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ студенттер студенттік визаны алу үшін тіркелуі керек. Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық бағдарламалар мен жобалар орталығының 268 бөлмесіне немесе декандарыңызға хабарласуға болады.

Білім алушының жеке кабинеті

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде  интеграцияланған ақпараттық жүйе LMS KEU жұмыс жасайды  (https://lms.keu.kz ) & Platonus (https://plt.keu.kz/). Оған кіру үшін логин және парольді Тіркеуші Офисінен  (каб. 312) немесе өз кураторыңыздан алуға болады.

Техникалық қолдау мекенжайы: Білім алушының жеке кабинеті

Қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы жүзеге асырылады. Жүйеде жұмыс жасау бойынша нұсқаулықпен мына сілтеме бойынша танысуға болады Платонус бойынша ақпарат 

Сабақ кестесі

Сабақ кестесі сілтеме бойынша мына сайтта қолжетімді болады:

Әскерге шақырудан кейінге қалдыруды ресімдеу (1 курс – бакалавриат, магистратура, докторантура)

​Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына және университетіміздің ішкі құжаттарына сәйкес күндізгі бөлім студенттері (тұрғылықты жеріне қарамастан, жігіттер) 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін Қазтұтынуодағы ҚарУ-дың Қызметкерлерді басқару Департаментіне (252 кабинет) келуі керек.
Өзімен мынадай құжаттарды ала келу керек:
• Жеке куәлік;
• әскери есепке алу құжаты (әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтың куәлігі немесе әскери билет).
Университет 3 жұмыс күні ішінде қорғаныс істері жөніндегі департаментке кейінге қалдыруды ресімдеу үшін белгіленген үлгідегі анықтама дайындайды.

Қашықтықтан білім алу технологияларын (ҚБТ)қолданып оқитын студенттерге

Бакалавриат
2023 жылдың 1-2 қыркүйегінде қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін бағдар беру вебинарлары ұйымдастырылады. Вебинарларда Сіз Қазтұтынуодағы ҚарУ-да қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастырумен танысасыз.

​Маңызды ақпарат!

АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ

Жастар бастамалары орталығы

Жастар бастамалары орталығы мемлекеттің жастар саясатын жүзеге асыруға және студенттердің қоғамдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға жәрдемдеседі. Шығармашылық ұжымдар мен студенттік клубтар туралы мына сілтеме бойынша танысуға болады:ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ ОРТАЛЫҒЫ

Платонус бойынша нұсқаулық

Платонус бойынша ақпарат 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus