ҒЗЖ

«Ғылымның саяси және мемлекеттік шекаралары жоқ, тек осы жағдайда ғылым дамиды» (Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 22 ақпанда Академияның 70 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Жалпы жиналысының салтанатты сессиясында сөйлеген сөзінен)

Білім және ғылым экономиканың басты факторы болып табылады. Жоғарғы білім жөніндегі әлемдік декларацияда көрсетілген, заманауи ғылыми-зерттеу мекемелерінсіз және сәйкес келмейтін жоғары білім, оқыған және білікті адамдарсыз, ешбір ел шынайы тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды. Қазіргі таңда Қазақстан индустриалды-инновациялық даму жолында. Қазақстандық ғалымдардың ойынша, қазіргі кезен заманауи экономикалық талаптарға сәйкес ғылыми жүйені қайта бағдарламалаумен сипатталады. ҚЭУ анықтаушы шегі – оның инновациялық қызметі, озық даму сипаты. Университетте білім беру жүйесі сапасын жоғарылату үшін инновациялық әрекеттер жүзеге асырылуда. Ғылыми-инновациялық қызметті әр түрлі қаржыландыру көздері негізінде жүзеге асырылады. Көбінесе университетің меншікті қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаржысы қолданылады, сондай-ақ басқадп ғылыми зерттеу жұмысына тапсырыс берушілердің қаржысы. Осының арқасында сонғы жылдары университеттің ғылыми инновациялық жұмысын қаржыландыру 250 млн. теңгеден асып түсті, сондай-ақ 2 жоба ҚР БҒМ ғылым комитетінің гранты бойынша қаржыландырылуда, 20-ға жуық жоба ҚР БҒМ экономика институты есебі негізінде қаржыландырылуда, «Даму қоры» АҚ, Қарағанды облысы әкімшілігі және аймақ кәсіпорындарымен қаржыландырылуда.
Университеттің ПОҚ-ның жариялымдық белсенділігі, сонғы жылдары 100 ғылыми монография жарияланды, 200-ге жуық оқулық пен оқу құралы және 150-ге жуық ғылыми мақала импакт-фактор басылымдарында жоғары жетістікке ие болды.
Университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымының негізгі элементтері, соның ішінде Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты, Коммерциализация және технологиялар трансферті басқармасы, «Достық» Коворкинг орталығы жұмыс істейді, оның басты мақсаты ПОҚ-на ғылыми және инновациялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады, және де, ең бастысы - университеттің студенттері, магистранттары мен докторанттары.
Университеттің ғылыми зерттеу қызметін дамыту аясында Қазақстан, Ресеий және таяу шетел, оның ішінде ҚР БҒМ Экономика институты (Алматы), Экономикалық зерттеу институтымен (Астана), РҒА ОБ Экономикалық институты (РФ Екатеринбург), Т.Шевченко атындағы КҰУ (Украина, Киев) және т.б. барлық бейінді ғылыми зерттеу ұйымдарымен тығыз қызмет істейді

Электронный университет
3D тур КЭУ
Мы в контакте
Темпус