- СТУДЕНТКЕ
- Студенттерге қызмет көрсету орталығы
СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
Сіз қажетті ақпаратты sqko.kz сайтынан ала аласыз
Студенттерге қызмет көрсету орталығы 2007 жылы құрылған. Орталық барлық академиялық кезеңдерде студенттерге академиялық сұрақтар бойынша консультация береді. Орталық - әр студент қажетті сұрақтарына жауап алатын орын. Орталық қызметінің қағидаттары: алынған ақпараттың құпиялылығы, сенім негізіндегі ынтымақтастық, мәселелерді шешудегі әділдік, сенімді ақпарат беру. Орталық – бұл университет басшылығы мен студенттер арасындағы диалогтың жаңа форматы. Студенттерге қызмет көрсету орталығы студенттік қоғамдастықпен жан-жақты өзара әрекеттесуді барынша жақсартуға бағытталған, студенттердің уақыттарын үнемдеуге және «университет – студент» өзара іс-қимыл жүйесінде қызмет көрсету барысында қосарлану әрекеттерді , бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді, сонымен бірге студенттердің проблемаларын шешу тиімділігі мен жеделдігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейге көтеріп, студенттердің әлеуметтік-маңызды қызмет көрсетулерді алуға жұмсалатын уақытын азайту мәселесін шешеді. Студенттерге бір мезгілде бірнеше терезе қызмет көрсете алады. Қызмет көрсету электронды кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Бір студентке қызмет көрсету уақыты қызмет көрсету стандартына сәйкес қатал түрде реттемеленген. Қажетті қызмет көрсетуді алу үшін электронды кезек талонымен күту бөлмесінде отырып, хабарланған және экранға шығарылып көрсетілген кезде терезеге бару керек.
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
Міндеттер: -Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының негізінде студенттерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету арқылы жедел және сапалы қызмет көрсету. -Білім алушының сұратуы бойынша ақпаратты уақытында беру. Студенттерге академиялық мәселелер бойынша консультация беру арқылы қолдау көрсету. -ҚҚЭУ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтарды жою үшін жағдай жасау Функциялар: -Студенттерден мемлекеттік және университеттің ішкі қызмет көрсетулеріне өтініштерді қабылдау. -Өтініштерді өңдеу. -Орталыққа келген студенттерге ақпараттық көмек көрсету. -Мемлекеттік және университеттің ішкі қызмет көрсетулерінің реттемесін (регламентін) анықтау. -Мемлекеттік және университеттің ішкі қызмет көрсетулерінің нәтижелерін беру.
|
|