Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті (ЭБКФ)
Құрметті бірінші курс студенттері!
Өз атымнан және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің барлық оқытушылары мен қызметкерлері атынан сіздерді біздің үлкен әрі тату академиялық отбасымызға қош келдіңіздер деп қуанышпен қарсы аламын!
Бүгін сіздер маңызды қадам жасап, болашағыңызды айқындайтын жолды таңдадыңыздар. Бұл жай ғана университетке түсу емес – бұл білімге, жаңа мүмкіндіктерге және тұлғалық дамуға апаратын қызықты саяхаттың бастауы. Бізді таңдау арқылы сіздер тек мамандық қана емес, шығармашылыққа, инновацияға және тәжірибеге толы өмір салтын таңдадыңыздар.
Біздің факультет – әрқайсыңыз өз әлеуетіңізді ашып, өзін таба алатын және армандаған мансапты құра алатын орта. Мұнда білім нақты жобалармен, халықаралық тәжірибемен және жан-жақты қолдаумен ұштасады. Біз заманауи стандарттарға сай жұмыс істейміз және сіздердің тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие маман болуыңыз үшін уақытпен бірге қадам басамыз.
Қазіргі тез өзгеріп жатқан әлемде экономика мен бизнес барған сайын жаһандық сипат алуда, сондықтан әмбебап құзыреттер мен тез бейімделе білу – табыстың басты кілті. Біз сіздерге жай ғана оқуды емес, тұтас мүмкіндіктер экожүйесін ұсынамыз: халықаралық бағдарламаларға қатысу, тағылымдамалар, әлемнің жетекші университеттерімен бірлескен жобалар.
Алайда шынайы табысқа жету үшін сіздердің өздеріңіздің жігерлеріңіз, табандылықтарыңыз және күн сайын оқып-үйренуге дайындықтарыңыз қажет. Өзіңізге сеніңіздер, биік мақсаттар қойыңыздар және қиындықтарға қарамастан алға ұмтылыңыздар. Біз сенеміз: сіздердің араларыңыздан болашақ көшбасшылар, кәсіпкерлер мен менеджерлер шығып, әлемді жақсы жаққа өзгертеді.
Сіздерге осы жолда шабыт пен күш-жігер тілеймін. Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетіне қош келдіңіздер! Сіздердің болашақтарыңыз дәл осы жерден басталады!
Факультет деканы, э.ғ.к., профессор Гимранова Г.И.
Байланыс телефоны: 8(7212)44161
Біз әлеуметтік желілердепіз
Факультет туралы
Экономикалық факультет 1966 жылы құрылған және Қазтұтынуодағы Қарағанды кооперативтік институтының алғашқы әрі жалғыз құрылымдық бөлімшесі болып, өңірдегі экономикалық білім берудің дамуына бастау болды. Оның құрамына саяси экономия, жоғарғы математика, экономикалық география және экономикалық тарих, шетел тілдері, КОКП тарихы, өндірістік және азық-түлік тауарларын тану, сондай-ақ дене шынықтыру кафедралары кірді. Бұл мамандарды даярлауда кешенді пәнаралық көзқарасты қамтамасыз етті.
1970 жылы факультет институт тарихындағы алғашқы 190 жоғары білікті экономист-сауда мамандарын дайындап шығарды. Олар республиканың тұтыну кооперациясын дамытуда негізгі рөл атқарды. Түлектердің арасында — қазіргі таңда Қазтұтынуодағы басқармасының төрағасы Х. Ашляев; Павлодар облпотребсоюзының төрағасы және Қазтұтынуодағы басқарма төрағасының орынбасары болған Е. Алиакпаров; сондай-ақ Павлодар облпотребсоюзы төрағасының орынбасары, кооперативтік колледж директоры Е. Кадырбаев бар.
Факультеттің түлектерінің қатарында — университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Аймағамбетов; оқу ісі жөніндегі бірінші проректор (2000–2022 жж.), экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Р.О. Бугубаева; сондай-ақ 2023 жылдан бастап халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор А.Т. Абдикаримова бар.
Факультет түлектері Қазақстанның барлық негізгі экономика секторларында және шетелдерде жұмыс істеп, Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, министрліктерде, ведомстволарда және коммерциялық құрылымдарда жауапты қызметтер атқаруда.
Факультеттің тиімді жұмысын кафедра меңгерушілері, ғылыми-әдістемелік бюро төрағалары, кураторлар кеңесі және Жастар ісі жөніндегі комитет қамтамасыз етеді. Профессор-оқытушылар құрамы жоғары білікті мамандардан құралған. Университеттік конкурстардың нәтижелері бойынша факультет бірнеше рет «Үздік факультет» деп танылды.
Факультет келесі білім беру бағдарламаларын ұсынады:
6В04101 «Экономика»
6В04102 «Менеджмент»
6В04111 «Жоба-инновациялық менеджмент»
6В04105 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
6В04110 «Мемлекет және бизнес басқаруы»
6В03101 «Халықаралық қатынастар»
6В04107 «Әлемдік экономика»
6В05201 «Экология»
6В04108 «Бағалау»
6В05203 «Тұрақты дамудың экотехнологиялары»
Магистратура деңгейінде: «Экономика», «Менеджмент», «Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық» (MBA), «Көшбасшылық және корпоративтік басқару» (EMBA), «Халықаралық бизнес», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Бағалау».
Факультет бакалавриат, магистратура және PhD деңгейінде мамандар даярлайды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Факультет студенттері спорт саласында да жетістікке жетуде. 2-курс студенті Темірлан Аубакиров — джиу-джитсудан әлем чемпионы (Мәскеу, 2025 ж.). 3-курс студенті Кирилл Кузнецов — пауэрлифтингтен Азия чемпионы, Еуропа және Азия рекордшысы.
Факультет құрамында 7 кафедра бар:
Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті
Шетел және орыс тілдері
Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар
Экономикалық теория, мемлекеттік және жергілікті басқару
Экономика және кәсіпкерлік
Экология және бағалау
Менеджмент және инновациялар