Студенттер белгілі кәсіпкермен кездесті
2023 жылдың 03 қазанында біздің университетке кәсіпкер, "Bellady" дүкендер желісінің иесі Айзат Алкенов келді. Bellady-әйелдер киімдері мен аксессуарлары дүкендерінің ірі желісі, Қазақстан бойынша 6 дүкені бар.
Айзат Алкенов студенттердің аудиториясымен өзінің кәсіпкер ретінде қалыптасу тарихымен, бастапқы капиталды қалыптастыру тәжірибесімен, іске асырылған бизнес-жобалардың ерекшеліктерімен, кәсіпкерлік тәуекелдердің мысалдарымен бөлісті.
Сондай-ақ, PhD докторы, доцент Д.М. Салауатованың "Кәсіпкерлік"пәні бойынша ашық сабағына қатысты. "Кәсіпкерлік" пәні бойынша студенттердің қорытынды жұмысы таңдалған бағыт бойынша бизнес-жобаны әзірлеу және қорғау болып табылатындықтан, олар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз тақырыптары бойынша кеңес берді, сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы қалыптасқан трендтер мәселелеріне қызығушылық танытты.
Студенттерге бизнес жүргізу тәжірибесі туралы айтқан спикерді тыңдау пайдалы болды.