Шақырылған профессордың қонақ дәрістері
Халықаралық академиялық ұтқырлық аясында 2023 жылғы 19-29 қыркүйек аралығында Балтық халықаралық академиясының (Рига қ., Латвия) қауымдастырылған профессоры, ғылым докторы Сумбарова Марина Владимировна «ЕО-тың қылмыстық құқығы» тақырыбында дәрістер курсын оқыды. Қонақ дәрістерге барлық деңгейдегі білім алушылар мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Марина Владимировна Латвия Республикасының Ішкі Істер Министрлігінде 30 жылдан астам жұмыс өтілі бар; 32 ғылыми мақала, 3 монография және 2 оқулық жариялады. Профессор 24-тен астам халықаралық конференциялардың қатысушысы, сондай-ақ Балтық халықаралық академиясының «Құқықтану» бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияларды қорғау кеңесінің мүшесі болып табылады.
Шақырылған профессордың сапары аясында университеттің топ-менеджментімен кездесулер өткізілді, оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды.