КАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ (Қазтұтынуодағы ҚарУ) ӨҢІРДІ ДАМЫТУҒА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ЖОБАЛАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУГЕ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ
2023 жылдың соңында Қазтұтынуодағы ҚарУ Қарағанды агломерациясын дамытудың әлеуеті мен перспективаларын зерделеу бойынша ғылыми-талдамалық зерттеулерді және Қарағанды агломерациясын дамытудың 2030 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді сәтті аяқтады. Жобаны қаржыландыру көлемі 40 170 000 теңге.
Шарт «Қарағанды облысы Экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесімен жасалды.
Ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелері - Қарағанды агломерациясының әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, өндірістік, транзиттік, инфрақұрылымдық даму әлеуеті мен перспективаларын талдау, айқындау болды.
Жұмыста тұрақты экономикалық даму құралдарын модельдеу, жетілдіру, Қарағанды агломерациясын әлемдік деңгейдегі агломерация ретінде қалыптастырудың пайымы мен ұмтылысын айқындау ғылыми негізделген, Қарағанды агломерациясын дамытудың перспективалық құрылымы айқындалған, ол - Қарағанды агломерациясының бәсекеге қабілеттілігін белсенді дамытуды, теңгерімді өңірлік дамуды, ішкі көші-қон процестерін ретке келтіруді, халықтың өмір сүру деңгейінің алшақтықтарын қысқартуды ескере отырып, жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз етеді.