Ауғаныстан - жүректегі жара
Ауған соғысы - Кеңес Одағының қайғылы тарихи оқиғаларының бірі. Биыл 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан толықтай шыққанына 35 жыл болды.
Сонымен университетте Ауған соғысының ардагері Алдабаев Тілеуқабыл Орынбайұлымен кездесу ұйымдастырылып, университетіміздің студенттерінің қатысуымен шағын бағдарлама ұсынылды. Студенттер әскери борышын өтеген сарбаздардың ерлігі мен батылдығы туралы білді. Тілеуқабыл Орынбайұлы студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа оқуда табыс, өз елінің нағыз азаматы болуларын тіледі. Кездесу соңында ардагерге университет ректоры атынан алғыс хат табыс етілді.
Оқушыларды аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлері рухында тәрбиелеу дұрыс идеялық ұстанымдарды қалыптастыруға ықпал етіп, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тудырады.