Университетте буллинг және моббинг бойынша семинар өткізілді
2024 жылдың 05 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде "Салауатты университеттер" жобасы аясында жатақханаларда тұратын студенттерге арналған буллинг және моббинг бойынша семинар өтті.
Қазіргі уақытта зерттеу және зорлық-зомбылықтың, агрессияның алдын алу мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Сондықтан білім беру жүйесіндегі осындай жағдайлардың алдын алу мәселесі өте өзекті.
Іс-шараның мақсаты: студент жастардың назарын жасөспірімдер арасындағы қорлау тақырыбына аудару, студенттерге агрессияға қалай дұрыс қарсы тұру керектігін түсіндіру.
Семинар барысында университет психологы Тамабаева Жанар Ерқанағатқызы буллинг және моббинг ұғымдарын, буллингтің жанжалдан айырмашылығын түсіндіріп, студенттер ұжымында туындайтын ықтимал буллингтік жағдайлардан шығу жолдарын ұсынды.
Келесі тақырыптар қамтылды:
- студенттер арасындағы агрессияның, зорлық-зомбылықтың көрінісін зерттеу, бақылау;
- әр түрлі қақтығыстардың себептері мен салдары;
- өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін зорлық-зомбылық түрлері;
- теріс, девиантты мінез-құлықтың алдын-алу ерекшеліктері;
Университетте осындай іс-шараларды өткізу зорлық-зомбылықсыз білім беру ортасын құруға, студенттердің дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына, олардың салауатты, қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.