Erasmus + EPOS жобасы шеңберінде айналмалы экономиканы қалыптастыру жөніндегі халықаралық воркшоп
2024 жылдың 15 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының Цифрлық зертханасы қабырғасында Қарағанды қаласындағы № 97 гимназияның 10-сынып оқушылары, сондай-ақ университет студенттері үшін Erasmus + Jean Monnet Projects 2022-2025 EPOS 101082914 “European practice of sustainable development management towards green transformation” жобаның аясында "Managing and financing of the circular economy" тақырыбында воркшоп өтті.
Іс-шараның мақсаты – тұрақты дамуды басқару саласындағы озық еуропалық тәжірибе мен үздік қазақстандық тәжірибені тарату.
Семинар барысында студенттер тұрақты даму және айналмалы экономика саласындағы терминдерді мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне аударып, брейн-рингке қатысып, нормативтік-құқықтық актілерді, айналмалы экономика, тұрақты даму және ESG ұғымдары мен санаттарын білу бойынша жарысты. Сонымен қатар қалдықтарды сұрыптап, өнімдердің мұқабасындағы этикеткаларды оқуды үйренді.
Барлық қатысушылар семинарға қатысу сертификаттарын алды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
EPOS жобасы мектеп оқушылары мен студенттер, мектеп мұғалімдері мен университет профессорлары, көптілді білім беру орталығының қызметкерлері және барлық мүдделі тараптар арасында белсенді өзара әрекеттесу алаңын құруға мүмкіндік беретініне қуаныштымыз. Сіздің қатысуыңыз бен қызығушылығыңыз баға жетпес!
Бүгін бізбен болғандарыңыз үшін рахмет!