Табысты мансапқа апаратын жол: зейнетақы жарналары және жұмысқа орналасу туралы ақпараттық сессия
15 сәуірде Қарағанды қаласының мансаптық орталығының қызметкерлері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және жастар жөніндегі инспектормен бірлесіп, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жұмысқа орналастыру бойынша Мемлекеттік бағдарламалар, жастар жобалары және зейнетақы қорының жүйесі түсіндірілді.
Кездесу тақырыбы көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды, көпшілікті БЖЗҚ – мен қашықтықтан қызмет алу тәсілдері мен байланыс арналары, ал жұмыс істеп жатқан студенттерді азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстан алынатын міндетті зейнетақы жарналары тақырыбы қызықтырды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жас ұрпаққа еңбек жолының басында зейнетақы капиталын қалыптастыру туралы ойлауға көмектеседі, бұл өз кезегінде оларға зейнеткерлік демалыста лайықты өмір сүруге мүмкіндік береді деп үміттенді.
Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына толық жауаптар берілді.