Білім алушылардың халықаралық жиналыс аясында инновациялық жобалар байқауының қорытындысы

Білім алушылардың халықаралық жиналыс аясында  инновациялық жобалар байқауының қорытындысы

2024 жылдың 12 сәуірі IX білім алушылардың халықаралық жиналысы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Заманауи жастар: инновацияны қалыптастыру арқылы болашаққа ұмтылу» атты ​​ Инновациялық жобалар байқауы өтті.

Комиссия мүшелері инновациялық жобалардың ұсынылған таныстырылымдарын келесі өлшемшарттар бойынша бағалады:

  • жоба идеясының жаңалығы;
  • қойылған мақсат пен тапсырманың анықтығы;
  • маркетингті дамытудың және қаржылық-экономикалық есептеулердің сапасы;
  • тәуекелді бағалау;
  • бағдарламалық өнімдерді пайдалану деңгейі.
Білім алушылардың халықаралық жиналыс аясында  инновациялық жобалар байқауының қорытындысы Білім алушылардың халықаралық жиналыс аясында  инновациялық жобалар байқауының қорытындысы Білім алушылардың халықаралық жиналыс аясында  инновациялық жобалар байқауының қорытындысы
Білім алушылардың халықаралық жиналыс аясында  инновациялық жобалар байқауының қорытындысы   Білім алушылардың халықаралық жиналыс аясында  инновациялық жобалар байқауының қорытындысы

Байқау қорытындысы бойынша білім алушылар келесі жүлделі орындармен марапатталды:

1 орын – Эртман В.В., МО-22-2 тобы. Жоба: «DIPLOMATICA» (Ғылыми жетекшісі: Калиева Г.Қ.).

1 орын – Оспанов А.Т., Гаранин В.А., ЛОГ-21-2 тобы. Жоба: «Көмір шахтасында циклдік -ағынды технологияны қолдану» (Применения циклично – поточной технологии в угольном разрезе) (Ғылыми жетекшісі: Рожков А.В.).

2 орын – Абишева К.Б., Смагулова А.Ж., ЛОГ-22-2 тобы. Жоба: «SANA» психологиялық қызмет (Ғылыми жетекшісі: Кенжебаева С.К.).

2 орын – Туленова М.Б., ГМУ-21-2 тобы. Жоба: «ElQor» (Ғылыми жетекшісі: Тапенова Г.С.).

2 орын – Жаксалыков А.А., Ю-21-3 тобы. Жоба: «Қазақстан жастары арасындағы құндылықтарды дамыту» (Развитие ценностей у казахстанской молодежи) (Ғылыми жетекшісі: Нұрмахамбетова С.Т.).

2 орын – Сайдикрамов З., Мацукова Д., Битас А., Тентиев Д.,  топтар: ХЭФ-22-2к, 22-3к, 22-11р. Жоба: «Қазақстан Республикасында машина жасау саласын дамытудың бизнес-жоспарын әзірлеу» (“Разработка Бизнес плана по развитию машиностроительной отрасли в Республике Казахстан”) (Ғылыми жетекшілері: Жасан Г.Ж., Абдурахманова З.А., Ж.А. Ташенев атындағы университетінің экономика және құқық кафедрасы).

3 орын – Өтеген М., Қуандық М., GB 173-22 тобы. Жоба: «ЖОО білім алушыларына ағылшын тілін оқытудың заманауи интерактивті әдістері және оларды тиімді қолдану жолдары» (“Modern interactive methods of teaching english to the university students and ways of their effective application”) (Ғылыми жетекшісі Мамырбаева Б.С., Ж.А. Ташенев атындағы университет).

3 орын – Брехова А.А., Нуртазин М.К., Тунгушбаева Д.Р., Стародубцева С.В., MO-23-2 тобы. Жоба: «МЕМЛЕКЕТ» (“STATE”).

3 орын – Ертісбаева А.А., ТПП 22-1к тобы. Жоба: «Тюфель Жент – глютенсіз, кофеинсіз, қантсыз» (“Тюфель Жент - без глютена, без кафеина, без сахара”) (Ғылыми жетекшісі Абзалбек М.С.).

3 орын – Қабдыкәрім А.Е., Сабыр А.М., Эко-23-1к тобы. Жоба: «Среда» («Орта»). (Ғылыми жетекшісі: Қуанышбаев М.Т.).

Байқау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының шешімімен жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар берілді.

Байқаудың барлық жеңімпаздарын, қатысушыларын және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз және инновациялық жобаларды одан әрі дамытуда табыс тілейміз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL