Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Саяси қуғын сүргін күні – Қазақстан тарихының қайғылы беттерінің бірі. Соңғы 10 жылдықта репрессияға ұшырағандардың нақты санын, олардың қандай жағдайда ұсталғанын, оларды қандай Заңдармен шектегенін және адамзат пен гуманизм тұрғысынан білуге мүмкіндік беретін мұрағаттар ашылды. Осы күн қарсаңында Әлеуметтік – саяси пәндер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынбеков Алмаз Сәбитұлы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қарағанды медициналық университетінің профессоры Молотов-Лучанский Вилен Борисович, "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исакиев Сулим Исакиевич, Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылар Смағұлов Сәкен Ғазизұлы және Алдабаева Гүлдана Тілеуқабылқызы қатысты.
Осы дөңгелек үстелдің қорытындысы саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау және алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу бойынша алдағы шараларға негіз болады.