Көптілді білім беру орталығының тілдік курстары аяқталды!

Көптілді білім беру орталығының тілдік курстары аяқталды!

2023 жылдың 4 қазан мен 2024 жылдың 28 маусым аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Көптілді білім беру орталығы университет және колледж білім алушылары арасында оқу деңгейлері бойынша мемлекеттік және шет тілдер курстарын ұйымдастырып, жүзеге асырды. Тыңдаушыларға Beginner деңгейінен бастап Intermediate деңгейіне дейін курстарды сәтті аяқтағандары үшін сертификаттар берілді. Курс тыңдаушылары үлкен жұмыс атқарды және де мемлекеттік және шет тілдерін үйренудің жаңа дағдыларын игерді. Бұл жетістіктер олардың табандылығының, еңбекқорлығының және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысының айқын дәлелі болып табылады.

Көптілді білім беру орталығы өзінің барлық тыңдаушыларына күш-жігері мен шыдамдылығы үшін алғыс білдіреді, және де қазақ, ағылшын, қытай, неміс тілдері курстарының сәтті аяқталуымен құттықтап, болашақта табыс тілейді!

Жыл сайын Көптілді білім беру орталығы тілдік курстарды өткізеді және жаңа оқу жылында жаңа тыңдаушыларды қуана күтеді!

Көптілді білім беру орталығының тілдік курстары аяқталды! Көптілді білім беру орталығының тілдік курстары аяқталды! Көптілді білім беру орталығының тілдік курстары аяқталды!
Көптілді білім беру орталығының тілдік курстары аяқталды!   Көптілді білім беру орталығының тілдік курстары аяқталды!
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus