Ағылшын тілі бойынша магистратураға түсуге арналған қарқынды дайындық курсы аяқталды

Ағылшын тілі бойынша магистратураға түсуге арналған қарқынды дайындық курсы аяқталды

2024 жылдың 17 маусымы мен 13 шілдесі аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде ағылшын тілі бойынша магистратураға түсушілер үшін дайындық курсы өтті, оның ұйымдастырушылары Көптілді білім беру орталығы және университеттің Мансап және кәсіби даму орталығы болды.
4 аптадан астам уақыт бойы қарқынды курс тыңдаушылары лексика-грамматикалық тақырыптарды талдап, өткен жылдардағы тест тапсырмаларын шешіп, тыңдау және оқу тапсырмаларын орындады. Көптілді білім беру орталығының қызметкерлері грамматикалық тақырыптарды, лексиканы және елтану ақпаратын өзектендіріп, жинақтай отырып, негізгі дағдыларды: оқу, тыңдау, негізгі лексика мен грамматиканы қолдану бойынша пайдалы қарқынды курс өткізді.
Бұл курс тыңдаушыларға сәтті оқуға түсу үшін қажетті терең білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар өзіне деген сенімділікті де берді. Олар академиялық мәтіндермен тиімді жұмыс істеуді үйренді, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдірді және қабылдау емтихандарын сәтті тапсыру стратегияларын игерді. Барлық тыңдаушылар оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.

Тыңдаушыларды курстың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!
Емтиханда жетістік пен сәттілік тілейміз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL