Студенттердің мемлекеттік қызмет және жастар саясаты өкілдерімен кездесуі

Студенттердің мемлекеттік қызмет және жастар саясаты өкілдерімен кездесуі

2024 жылғы 2 қазанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану» және «Сот және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттерінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Қарағанды облысының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге қатысты:
Данияр Қайыржанұлы Әбдірахманов - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы
Хамитов Жасұлан Тиштықұлы – «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ жастар саясатын салааралық үйлестіру және дамыту бөлімінің бас маманы
Шиллер Марина Васильевна – «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасының жетекшісі
Кездесу аясында студенттерге «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасына қатысу шарттары түсіндірілді. Спикерлер жас ұрпақты мемлекеттік саладағы болашақ сын-қатерлерге дайындаудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл жоба - мемлекеттік қызметте мансап туралы армандайтын студент-түлектер үшін тамаша бастама.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL