Рухани келісім күні: университеттегі дөңгелек үстел
18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл дата 1992 жылы Қазақстанда бірінші Дүниежүзілік рухани келісім конгресі өткен кезден басталады. Рухани келісім күніне орай Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінде «Қазіргі Қазақстандағы зайырлы және діни руханият мәселелері және рухани текетірестің алдын алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел мемлекеттіліктің конституциялық негіздерін түсіндіру, Қазақстан Республикасындағы зайырлылықты насихаттау және түсіндіру, дәстүрлі діндер үлгісін пайдалана отырып, жастардың рухани имандылығын қалыптастыру және халық арасында толеранттылық санасын дамыту мақсатында өткізілді.
Дөңгелек үстелге: Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Сектай Жанболат Ахуанұлы, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық Келісім» ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Малаев Думан Базаркеұлы, «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жастармен, діни және үкіметтік емес бірлестіктермен жұмыс секторының бас маманы Ұлмесеков Рамазан Жарасұлы, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Жарымбетов Мұхит Михайлұлы, Қарағанды қаласындағы «Крестовоздвижен» шіркеуінің басшысы, протоиерей Угольков Александр Николаевич, философия ғылымдарының кандидаты, «Қоғамдық-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының доценті Қабдуев Ақан Есетұлы, «Қоғамдық-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының аға оқытушысы Пунтус Евгения Александровна, «Құқықтану» ОП магистранты Алена Когтева және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ОП студенті Әмірәлі Аяулым.
Дөңгелек үстелдің модераторлары: әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Орынбеков Алмас Сәбитұлы және Қоғамдық-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, доцент Алпысбаева Мадина Борамбайқызы.
Қатысушылар дәстүрлі діндердің рөлі мен қоғамдағы рухани қайшылықтардың алдын алу қажеттілігі туралы маңызды мәселелерді талқылады.