«Заманауи жастар: инновациялар құру арқылы болашаққа ұмтыламыз» халықаралық студенттер жиынының қорытындылары

«Заманауи жастар: инновациялар құру арқылы болашаққа ұмтыламыз» халықаралық студенттер жиынының қорытындылары

Ғылым күні аясында 2025 жылдың 10-11 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «ЗАМАНАУИ ЖАСТАР: ИННОВАЦИЯЛАР ҚҰРУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛАМЫЗ» атты студенттердің жыл сайынғы Халықаралық жиыны өткізілді.

Жиынның мақсаты: жас зерттеушілердің өзін-өзі жүзеге асыруы, кәсіби және шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау, цифрлық трансформация жағдайында талантты жастарды анықтау және қолдау.

Халықаралық жиын жұмысына Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарының жас ғалымдары қатысты.

«Заманауи жастар: инновациялар құру арқылы болашаққа ұмтыламыз» халықаралық студенттер жиынының қорытындылары «Заманауи жастар: инновациялар құру арқылы болашаққа ұмтыламыз» халықаралық студенттер жиынының қорытындылары «Заманауи жастар: инновациялар құру арқылы болашаққа ұмтыламыз» халықаралық студенттер жиынының қорытындылары
«Заманауи жастар: инновациялар құру арқылы болашаққа ұмтыламыз» халықаралық студенттер жиынының қорытындылары «Заманауи жастар: инновациялар құру арқылы болашаққа ұмтыламыз» халықаралық студенттер жиынының қорытындылары «Заманауи жастар: инновациялар құру арқылы болашаққа ұмтыламыз» халықаралық студенттер жиынының қорытындылары

Халықаралық студенттер жиынының бағдарламасына келесілер кірді:

  1. Э.ғ.д., профессор Е.Б. Аймағамбетов, э.ғ.д., профессор А.А. Алимбаев, э.ғ.д., профессор М.Г. Лернер ғылыми мектептерінің аясында «AI & SDGs: Innovations for the Future» докторанттар, магистранттар мен студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.

Докторанттар, магистранттар мен студенттердің «AI & SDGs: Innovations for the Future» X Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының Пленарлық отырысына қатысушылар:

- Ақпарат және Коммуникация саласындағы оқытушы және зерттеуші, PhD, University of Lille, Франция, Julia Samofallova.

- Назарбаев Университеті бизнес-инкубаторының басшысы Упашева Асылжан Аманжоловна.

- Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Канатова Алия Талгатовна.

- Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінің заң факультетінің 5 курс студенті Челышева Юлия Дмитриевна.

- Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті Жекеев Жандос.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы бойынша 1, 2 және 3 жүлделі орындары және әр жеңімпазға 50 000 теңге жүлде қоры көлемінде э.ғ.д., профессор Е.Б. Аймағамбетов, М.Г. Лернер және А.А. Алимбаев атындағы Премиялар ұйымдастырылды:

Атаулы премия

Иесінің аты-жөні

Факультет және ББ

Э.ғ.д., профессор Е.Б. Аймағамбетов атындағы премия

Матимбаева Аружан Абзаловна

Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті, "Экология"ББ

Э.ғ.д., профессор Е.Б. Аймағамбетов атындағы премия

Харитонова Мария Сергеевна

Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті, "Экология"ББ

Э.ғ.д., профессор А.А.Алимбаев атындағы премия

Сыздыков Темирлан Нурланович

Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар факультеті, "Есеп және аудит"ББ

Э.ғ.д., профессор М.Г.Лернер атындағы премия

Абдреимова Аружан Жамбулқызы

Бизнес, құқық және технология факультеті, "Туризм"ББ

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру тұрғысынан студенттердің халықаралық жиыны жасанды интеллект дәуірінде ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған жаңа білімдермен алмасу мақсатында жас ғалымдар арасындағы ғылыми байланыстарды дамыту үшін сындарлы диалог алаңына айналуы мүмкін.

 

  1. «MIRAS Start-Up Challenge» инновациялық жобалар конкурсы

Қатысушылар өз идеяларын сарапшылар алдында таныстыруға, оларды одан әрі дамыту үшін құнды ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.

Жобалар бес критерий бойынша бағаланды:

- Жаңашылдық пен инновациялылық;

- Масштабтау әлеуеті;

- Бәсекеге қабілеттілік;

- Қаржылық тұрақтылық және монетизация модельдері;

- Нарық және тұтынушылық сұраныс.

Байқау қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

1 орын: «Орта – үстел ойыны» жобасы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері Матимбаева А., Харитонова М., жетекші - Куанышбаев М.Т.

2 орын: «Экоотын» жобасы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті Червяков А.Е., жетекші - Борисова Е.И.

2 орын: «Университетті автоматтандыру бойынша телеграмм чат-бот» жобасы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті Короткевич В.В., жетекші - Қыдырғалиұлы Д.

3 орын: «Bilim Box» жобасы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері Нурланов Т.Р., Альменова Д.А., Ақшабаев Н.Е., Бәшкен Е.Б., жетекші - Иванова С.А.

3 орын: «MycoDestruct» жобасы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері Гущин Н.Н, Сулеев А.А, Туребеков Т.Е., Улукпанов Е.Е., жетекші - Исабаева Г.М.

3 орын: «Kezen.kz» жобасы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері Васильева В.Г., Гузова Н.В., Масёрова А.С., Сыздыков А.Т., жетекші - Гарипова А.А.

Халықаралық студенттер жиыны идеялар алмасудың, шығармашылық ынтымақтастық пен шабыттың жарқын алаңына айналды. Қатысушылар бастамашылдығы, креативтілігі және оң өзгерістерге ұмтылысымен жоғары деңгей көрсетті. Бұл кездесу тағы да бір мәрте болашақтың белсенді әрі прогрессивті жастардың қолында екенін дәлелдеді!

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL