Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша өткен XVII Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың І орын иегері
2025 жылғы 16 сәуірде Алматы қаласындағы «НАРХОЗ» университетінің базасында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті. Бұл маңызды да ауқымды іс-шара еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының озат студенттерін кәсіби білімдерін, аналитикалық қабілеттерін және шығармашылық көзқарастарын көрсету үшін жинады.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды:
- Видеороликтер конкурсы,
- Әлеуметтік жобаларды қорғау,
- Кейстік тапсырмаларды шешу.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Интеллектуалдық сайысқа келесі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты:
- Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті,
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
- Esil University,
- НАРХОЗ университеті,
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Біз зор мақтанышпен хабарлаймыз: университетіміздің СР-22-2 тобының студенттері – Гридина К., Кимачук С. және Талапова С. педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Абдакимова М.К. жетекшілігімен I орынды жеңіп алды!
Біздің студенттер кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін, тамаша аналитикалық қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Жеңімпаз студенттер мен ғылыми жетекшіні шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға шабыт, табыс және кәсіби әрі ғылыми қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті өз студенттерімен мақтанады!