Қарағанды Казтұтынуодағы университетінде Erasmus+ жобасы таныстырылды
2025 жылғы 23 сәуірде Қарағанды Казтұтынуодағы университетінде Сантьяго-де-Компостела университетінің (Universidade de Santiago de Compostela, Испания) өкілі Наиля Сайфуллинамен профессор-оқытушылар құрамының кездесуі өтті.
Кездесу барысында Наиля Сайфуллина дәріс оқып, «Тұйық циклді экономика және тұрақты даму бойынша инновациялық білім беру бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу» атты Erasmus+ халықаралық жобасын таныстырды. Жоба тұрақты даму қағидаттарын білім беру тәжірибесіне енгізуге және жасыл экономика саласындағы сын-қатерлерге жауап бере алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
Кездесу соңында университет оқытушыларымен бірлескен халықаралық жобалар мен ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері талқыланды.
![]() |
![]() |
![]() |