ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті өкілдерінің Алматы қаласына іссапары

ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті өкілдерінің Алматы қаласына іссапары

2025 жылғы 21–26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдірудің инновациялық моделі» атты гранттық жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің өкілдері — Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Ханов Т.А. және жоба жетекшісі Баширов А.В. Алматы қаласына іссапармен барды.
Іссапар барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Caspian University және «Туран» университеті басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізілді. Кездесулерде студенттердің қатысуымен бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту, гранттық жоба аясындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ жоба авторлар ұжымы дайындаған «Қазақстан Республикасы ЖОО-ларында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру» атты монографияда ұсынылған тұжырымдар мен ұсынымдарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Аталған монографияға енгізу актілері алынды.
Сонымен қатар, Қарағанды университеті өкілдері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған «Халықаралық экономикалық интеграция жағдайындағы кедендік-тарифтік реттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми конференцияға қатысты.
Іссапар студенттік ғылым саласындағы әріптестікті нығайтуға және ЖОО арасындағы ғылыми байланысты кеңейтуге септігін тигізді.

ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті өкілдерінің Алматы қаласына іссапары ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті өкілдерінің Алматы қаласына іссапары ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті өкілдерінің Алматы қаласына іссапары

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL