Студенттер мен «Қазаэронавигация» РМК өкілдерінің кездесуі

Студенттер мен «Қазаэронавигация» РМК өкілдерінің кездесуі2025 жылдың 26 сәуірінде Қарағанды экономикалық университетінде студенттер мен «Қазаэронавигация» РМК – Қазақстан Республикасының аэронавигациялық қызмет көрсетушісі арасындағы кездесу өтті.
Кездесу барысында компания өкілдері ұйымның миссиясы мен негізгі қызмет бағыттары туралы айтып, әуе қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етудегі жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Әсіресе жас мамандар үшін мансаптық мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.
Студенттерге Қарағанды қаласындағы бос жұмыс орындары ұсынылды:
• ЭРТОС қызметінің инженері (радиотехникалық жабдықтар мен байланыс жүйелерін пайдалану),
• КРТОП инженері,
• Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор.
Компания өкілдері мамандыққа қарамастан, ағылшын тілін меңгерген және авиация саласында дамуға ниетті жастарды жұмысқа шақыратынын жеткізді.
Студенттер ұсынылған вакансияларға үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, жұмысқа орналасу мен кәсіби даму туралы толық ақпарат алды.
Осындай кездесулер жұмыс берушілер мен болашақ мамандар арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің кәсіби бағыт-бағдарын кеңейтуге септігін тигізеді.

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL