CirculEC жобасы бойынша тренингке қатысушыларға сертификат тапсыру рәсімі
2025 жылғы 8 мамырда Қарағанды Казтұтынуодағы университетінде CirculEC халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған тренингтерге қатысушыларға сертификаттар тапсыру рәсімі өтті (Экономика замкнутого циклы мен тұрақты даму бойынша инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу), жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен іске асырылуда.
CirculEC жобасы Орталық Азия елдеріндегі жоғары оқу орындарында заманауи еңбек нарығының сұраныстарына және өңірдің экологиялық сын-қатерлеріне сай келетін дағдылар мен құзыреттерді беру арқылы адам капиталының әлеуетін арттыруға бағытталған.
Тренинг бағдарламасы циркулярлық экономика, тұрақты даму және білім берудегі инновациялар тақырыптарын қамтыды. Оған университеттің оқытушылары, әкімшілік қызметкерлері мен студенттері қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Тренинг барысында қатысушылар:
- циркулярлық экономика саласындағы халықаралық тәжірибемен танысты;
- тұрақты дамуға бағытталған оқу модульдерін әзірлеу және енгізу тәсілдерін талқылады;
- Орталық Азия ЖОО-ларының жағдайына бейімдеудің мүмкіндіктерін қарастырды.
Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған барлық қатысушыларға аты-жөні жазылған сертификаттар табысталды.
CirculEC жобасы Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылады. Бұл мақалада айтылған пікірлер авторлардың көзқарасын білдіреді және Еуропалық Одақтың ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.