Erasmus+ жобаларына өтініш беру туралы ақпараттық сессия
2025 жылдың 23 мамырында университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің директоры Палуанова Лаура Қалабайқызы мен бас сарапшының ғылыми кеңесшісі Шайзада Өмірзаққызы Тасболатованың қатысуымен Erasmus+ жобаларына өтінімдерді беру бойынша ақпараттық сессия өтті.
Іс-шараның мақсаты қатысушыларды бағдарламаның тың жаңалықтары, ұлттық және аймақтық басымдықтарымен таныстыру және байқауларға қатысу үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу болды.
Бағдарламада Жан Моне модульдеріне шолу және жоғары білімнің әлеуетін арттыру, кейстерді, практикалық тапсырмалар мен кеңестерді талдау ұсынылды. Қатысқандар арасында Erasmus+ жобаларының өкілдері, өтінімдерді ықтимал әзірлеушілер және мүдделі тараптар болды. Іс-шара кәсіби қарым-қатынасты кеңейтуге және шақырылған сарапшылармен тәжірибе алмасуға ықпал етті.
Қазтұтынуодағының Қарағанды университеті көптеген жылдар бойы Erasmus+ бағдарламасымен белсенді түрде ынтымақтасып, халықаралық жобаларды жүзеге асырып, тұрақты нәтижелерін көрсетіп келеді. Университет бірнеше рет осы еуропалық бағдарлама аясында конкурстардың жеңімпазы атанды және академиялық ұтқырлықты, серіктестік байланыстарды және зерттеу бастамаларын дамытуды жалғастыруда.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |