Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды

Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды

2025 жылғы 30 мамырда университетімізде «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «Циркулярлы экономика – тұрақты дамудың драйвері: бизнес пен қоғам үшін инновациялық шешімдер мен перспективалар» тақырыбында Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға Қазақстанның жетекші университеттерінің студенттері қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын, аналитикалық ойлау қабілеттерін және цифрлық құзыреттерін көрсетті.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі тұрақты даму саласындағы жаһандық сын-қатерлермен және ресурсты үнемдеуге бағытталған экономикалық модельдерге көшу қажеттілігімен байланысты болды. Олимпиада циркулярлы экономиканың даму перспективаларын, сондай-ақ бизнес пен қоғамның тұрақты болашағын қалыптастырудағы инновациялардың рөлін талқылауға арналған маңызды пікір алаңына айналды.
Қазылар алқасының құрамына тұрақты даму және креативті индустриялар жөніндегі «QuantumHub» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, бизнес-қоғамдастықтың топ-менеджері және Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы кірді.

Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды
Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды  Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды

Олимпиада нәтижелері:
1-орын – Шәкәрім университеті (Оразова Дильдана, Сыдықова Аружан, Есенжолова Аружан, ғылыми жетекшілер – Абылкасымова Ж. А., Нуралина К. Т.);
2-орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Бычковский Никита, Саукомбекова Дарина, ғылыми жетекші – Азылқанова С. А.); Нархоз университеті (Жолаев Санжар, Нүгербекова Мәдина, Кафаш Амири Милад, Мырзаш Айша, ғылыми жетекшілер – Қуатова Д. Я., Жакупова А. А., Ұмырзакова А. А.);
3-орын – Esil University (Сыздық Дамира, Сагитова Сабина, ғылыми жетекші – Талимова Г. У.); Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Авдалян Эвелина, Ерікбай Алдияр, Баламамедова Гүнель, ғылыми жетекшілер – Райымбеков Б.Х., Сабыржан А., Мусина С. Т.);
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті (Курмаш Аружан, Шишкина Вероника, Колежнюк Влад, ғылыми жетекші – Күлжанбекова А.Ж.).

Біз барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз және жеңімпаздар қатарынан көрінген өз командамызды ерекше мақтан тұтамыз!
Студенттерге, ғылыми жетекшілерге және ұйымдастырушыларға жоғары деңгейдегі дайындықтары, белсенді қатысулары және жастар ғылымын дамыту мен тұрақты даму идеяларын ілгерілетуге қосқан үлестері үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL