«AntiParaCraft–2025» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квестінде I орын

«AntiParaCraft–2025» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квестінде I орын

Қарағанды Казтұтынуодағы университетінің командасы Республикалық «AntiParaCraft–2025» квест-ойынында І орын алды.
Аталған іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырды. Мақсаты — жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайту.

«AntiParaCraft–2025» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квестінде I орын «AntiParaCraft–2025» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квестінде I орын «AntiParaCraft–2025» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квестінде I орын

Команда құрамы:

  • капитан – Мұхтар Арина Аяновна,
  • қатысушылар – Шакирова Алина Ренатовна, Айтпаева Даяна Нұркенқызы,
  • ғылыми жетекші – Федотов С.В.

Квест бес кезеңнен тұрды. Алғашқы үш кезең онлайн форматта өтті:

  • ҚР заңнамасы бойынша тест,
  • бейнероликтер байқауы,
  • SMART жобалар байқауы.

Финалдық кезеңдер 2025 жылғы 28–29 мамыр күндері Павлодар қаласында өтті. Онда қатысушылар команданың таныстырылымын (визитка), брейн-ринг сайысын және өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларын ұсынды.

Қазылар алқасы студенттердің жоғары деңгейдегі дайындығын және ұсынылған жобаның өзектілігін атап өтті. Жоба ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тәжірибеде қолдану үшін ұсынылды.

Команда жеңісі үшін кубок, І дәрежелі диплом және 300 000 теңге көлеміндегі сертификат иеленді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL