ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы: ресейлік әріптестермен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту тәсілдерін талқылау

ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы: ресейлік әріптестермен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту тәсілдерін талқылау2025 жылғы 26–31 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының ЖОО-ларындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдірудің инновациялық моделі» атты гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің өкілдері Мәскеу қаласына ғылыми-академиялық сапармен барды. Делегация құрамына ЭПҒЗИ директоры, заң ғылымдарының докторы Ханов Т.А. және жоба жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Баширов А.В. енді.

Сапар барысында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің, С.Ю. Витте атындағы Мәскеу университетінің және Мәскеу гуманитарлық ғылымдар академиялық мемлекеттік университетінің басшылығымен кездесулер өтті. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен дамытудағы заманауи тәсілдер, бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері және қолданыстағы жоба аясындағы академиялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Ерекше назар зерттеу нәтижелері мен жарияланымдармен алмасуға, соның ішінде грант аясында дайындалған «Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру» атты ұжымдық монографияға аударылды. Ұсынылған материалдар үлкен қызығушылық тудырып, мазмұнды пікірталасқа себеп болды.

Сапар аясында Мәскеу университеттерінің студенттері үшін шолу дәрістері де өткізілді. Онда қазақстандық НИРС моделінің негізгі идеялары, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесі үшін күтілетін нәтижелері ұсынылды.

Бұл сапар университеттердегі зерттеушілік мәдениетті нығайту мен студенттік ғылымды болашақ мамандарды даярлаудың маңызды бағыты ретінде дамытуға бағытталған халықаралық әріптестіктің маңызды кезеңіне айналды.

 

ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы: ресейлік әріптестермен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту тәсілдерін талқылау ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы: ресейлік әріптестермен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту тәсілдерін талқылау ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы: ресейлік әріптестермен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту тәсілдерін талқылау
ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы: ресейлік әріптестермен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту тәсілдерін талқылау ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы: ресейлік әріптестермен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту тәсілдерін талқылау ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы: ресейлік әріптестермен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту тәсілдерін талқылау

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL