Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемалар» ғылыми жобасы шеңберінде өткізілген ғылымипрактикалық семинар ИР
2025 жылғы 27 мамыр Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің құқықтық және экономикалық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, з. ғ.к., доцент Феткулов Аликжан Халелович «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемалар» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.
Аталған семинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржылай қолдауымен жобаны орындау аясында өткізілді (ИРН АР 19675171).
Семинар жұмысында ҚР ҚК-нің 277-бабы бойынша жауапкершілікті көздейтін қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері қаралды. Қылмыстың аралас құрамдарын ажырату критерийлеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына (ҚР ҚК-нің 277-бабы) және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына (ҚР ҚКнің 156-бабы) салыстырмалы талдау жүргізілді. Құқықтық талдау жүргізілді және осы қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының белгілері қарастырылды. Сондай-ақ, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен мүмкіндіктері қаралды. Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Бұл семинар Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы арасында үлкен ғылыми қызығушылық тудырды.