Рухани келісім жолындағы конфессияаралық диалог

Рухани келісім жолындағы конфессияаралық диалог18 қазан — Рухани келісім күні. Бұл атаулы күннің тарихы 1992 жылдан бастау алады. Сол жылы Қазақстанда алғаш рет Дүниежүзілік рухани келісім конгресі өткен болатын.

Рухани келісім күніне орай Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Ақпараттық қоғам жағдайындағы конфессияаралық және этносаралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, мәдени және діни дәстүрлерге құрметпен қарауды қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау, сондай-ақ қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында ашық әрі сындарлы диалогті дамыту мақсатында өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысының Дін істері басқармасы Оңалту бөлімінің басшысы Рымкулов Султан Аманболдыұлы; кәсіпкер, қоғам қайраткері Жабяк Игорь Васильевич; Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы; Қазақстан Православие шіркеуінің Қарағанды және Шахтинск епархиясына қарасты II Қарағанды шіркеу округінің благочинныйы, протоиерей, Шахтинск қаласындағы Құдай Анасының «Скоропослушница» иконасы ғибадатханасының настоятелі Владимир Фрейганг; Рим-католиктік Қарағанды епархиясының Фатима Қасиетті Бикеш Мария соборының настоятелі Павел Мартыниук әкей; «Қарағанды облысының татарлар мен башқұрттардың „Умырзая“ этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бузяков Рустам Равильевич; Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Пунтус Евгения Александровна қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар қоғамдық келісімді нығайтудағы конфессияаралық және этносаралық диалогтің маңызын, бейбітшілік пен өзара түсіністікті сақтаудағы діни конфессиялар мен этномәдени бірлестіктердің рөлін, сондай-ақ ақпараттық қоғамның рухани құндылықтар мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуына әсерін талқылады.

Өткізілген дөңгелек үстел рухани келісім, өзара құрмет және сындарлы диалогке дайын болу қоғамның бейбіт өмір сүруі мен үйлесімді дамуының маңызды шарттары екенін тағы бір мәрте көрсетті.

 

Рухани келісім жолындағы конфессияаралық диалог Рухани келісім жолындағы конфессияаралық диалог Рухани келісім жолындағы конфессияаралық диалог Рухани келісім жолындағы конфессияаралық диалог
Рухани келісім жолындағы конфессияаралық диалог Рухани келісім жолындағы конфессияаралық диалог Рухани келісім жолындағы конфессияаралық диалог Рухани келісім жолындағы конфессияаралық диалог
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL