• УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Қазақстан Республикасындағы киберқылмыстарды тергеу тетіктерін жаңғырту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Қазақстан Республикасындағы киберқылмыстарды тергеу тетіктерін жаңғырту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Қазақстан Республикасындағы киберқылмыстарды тергеу тетіктерін жаңғырту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 24 қазанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Қазақстан Республикасындағы киберқылмыстарды тергеу тетіктерін жаңғырту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара аралас форматта (офлайн және онлайн) ұйымдастырылды. Оны киберқылмыстарды тергеу тетіктерін жетілдіруге арналған жоба аясында Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты өткізді.

Талқылауға Қазақстан мен Ресейдің заңгер-ғалымдары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері, ведомстволық және азаматтық жоғары оқу орындарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті заң факультетінің студенттері қатысты. Дөңгелек үстелге заң ғылымдарының докторы, профессор, Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Канат Саметович Лакбаев модераторлық етті.

Баяндамалармен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, И. Кант атындағы Балтық федералдық университетінің, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің, «Тұран» университетінің, Қазақстан Республикасы ІІМ академияларының және басқа да ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.

Атап айтқанда, Т.С. Волчецкая криминалистикада ақпараттық технологияларды қолданудың әдіснамалық қырларын, Г.С. Русман цифрлық дәлелдемелерді тіркеудегі маманның рөлін, Б.Қ. Биржанов интернет-алаяқтықтың қазіргі үрдістерін, А.Т. Садвакасова дербес деректерді қорғау мәселелерін қарастырды. Пікірталаста бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізу, жедел-іздестіру тәжірибесін жетілдіру және Қазақстан мен шетелдегі киберқылмыстарды тергеу тәжірибесімен алмасу мәселелері де қозғалды.

Ғылыми және практикалық пікір алмасу цифрлық ортадағы қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері мен оларды одан әрі зерттеу бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы жарық көрді.

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL