Біздің студенттер – «ADAL URPAQ» өңірлік байқауының жүлдегерлері
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері «ADAL URPAQ» жастар жобаларының өңірлік байқауында жүлделі орындарға ие болып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы креативті бастамаларын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар факультетінің студенттері Жүнүсбек Әділ Айдосұлы «Үздік бейнеролик» бағыты бойынша II орынға ие болып, дипломмен және 60 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал Коршенко Марина Евгеньевна «IT-шешімдер» бағыты бойынша III орын алып, диплом мен 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.
«ADAL URPAQ» байқауын Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – жастардың жеке бастамалары мен креативті шешімдерін әзірлеуге тарту арқылы олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын дамыту.
Байқауға Қарағанды облысының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Жобалар үш бағыт бойынша қабылданды: әлеуметтік желілерге арналған бейнероликтер мен жарнамалар, плакаттар мен инфографика, сондай-ақ IT-шешімдер. Университетіміз бен колледжіміздің студенттері байқауға барлығы 12 жұмыс ұсынды.
Жүлделі орындарға ие болмаған қатысушылардың еңбектері де ерекше назар аударуға лайық. Олардың жобалары белсенді азаматтық ұстанымды, шығармашылық көзқарасты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында өз шешімдерін ұсынуға деген ұмтылысты көрсетті.
Жастардың байқауға табысты қатысуына комплаенс-қызметтің, Жастар саясаты орталығының, факультет декандары орынбасарларының және университет кафедралары басшыларының бірлескен жұмысы ықпал етті.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз және барлық қатысушыларға бастамашылдығы, азаматтық белсенділігі мен қоғамда адалдық және жауапкершілік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!






