«Тіл – халықтарды біріктіретін күш»
2016 жылдың 6 қазанында Қарағанды экономикалық университетінде қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен Тілдер күніне арналған «Тіл – халықтарды біріктіретін күш» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Мерекелік кештің негізгі мақсаты – тіл мәртебесін көтеру, студенттердің бойында Отанға, мемлекеттік тілге және жалпы тілдерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттыққа, Отан алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу.