«Ұлы Жібек Жолы» тақырыбына арналған ашық сабақ

«Ұлы Жібек Жолы» тақырыбына арналған ашық сабақ14 қазан күні 2016 ж. 103 ауд. ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары магистр Манасова М.М., магистр Маханова Б.Р., магистр Тусупова Г.Н., магистр Тутинова Н.Е. «Ұлы Жібек Жолы» тақырыбына арналған ойын-саяхат түріндегі ашық сабақ өткізді. Ұсынылған тақырыптың негізгі мақсаты: Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен таралу тарихына шолу жасай келе, Ұлы Жібек жолының тармақтары, Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері, Жібек жолы арқылы тасылған негізгі тауарлар, керуен жолының мәдениет пен діннің, сауданың, қалалардың дамуына қосқан үлесі мен әлеуметтік-экономикалық маңызын ашу, сонымен қатар қазіргі замандағы Ұлы Жібек Жолы идеясының қайта жаңғыруы.
Ашық-танымдық сабаққа «Керуен» (УА-11к тобы), «Мәдениет» (Лог-11к тобы), «Өркениет» (Ф-11к тобы) атты үш топ қатысты. Интеллектуалдық ойын - үш турдан тұрды: І Тур – «Білгенге маржан», ІІ Тур – «Жүйрік болсаң, шауып көр», ІІІ тур – «Ойлан-тап».
Интеллектуалды ойынның барысын қадағалап, бағалап, қорытынды шығарған арнайы шақырылған әділ қазылар алқасының мүшелері: ӘЖ және ӘСП каф. меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К., каф. аға оқытушысы Мустафин С.Ш.
Ойынның нәтижесі бойынша жүлделі орындарды иеленгендер және дипломдармен марапатталғандар:
1 орын – «Өркениет» (Ф-11к тобы);
2 орын – «Керуен» (УА-11к тобы);
3 орын – «Мәдениет» (Лог-11к тобы).

 

«Ұлы Жібек Жолы» тақырыбына арналған ашық сабақ «Ұлы Жібек Жолы» тақырыбына арналған ашық сабақ
«Ұлы Жібек Жолы» тақырыбына арналған ашық сабақ «Ұлы Жібек Жолы» тақырыбына арналған ашық сабақ
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL