Маркетинг және логистика кафедрасының «Ашық есік күні»
Маркетинг және логистика кафедрасы «Онкүндік» аясында, Қарағанды қаласының №5, № 76 және Шахтинск қаласының №1,5,16 мектеп оқушыларына арнап «Ашық есік күнін» өткізді. Оқушылар университет ішіне экскурсия жасап, «Маркетинг калейдоскопы» атты мерекелік шараға қатысты. Қонақ ретінде келген жұмыс беруші - кәсіпорын басшылары сөз алып, студенттер мен болашақ студенттерге біздің мамандықтардың еңбек нырығандағы сұранысы жоғары екенін, оқу орнын таңдағанда дұрыс таңдау жасау керектігін айтты. Кеш соңы мерекелік фуршетпен аяқталды