Дөңгелек үстел «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл: жетістіктері мен перспективалары»
Ағымдағы жылдың 28 қазан күні ЭТ және МЖБ кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік жергілікті басқару мамандығының 1-4 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл: жетістіктері мен перспективалары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты мен міндеттері:
- Мемлекетіміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік жүйелердегі табыстарын талдау және алдағы мүмкіндіктерді айқындау;
- Студенттердің ғылыми-зерттеу қабылеттерін арттыру;
- Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту;
- Студенттердің ораторлық қабілетті меңгеруіне жағдай қалыптастыру;
- Белсенді жастардың көзқарастары мен жеке өзіндік позицияларын айқындауға мүмкіндіктер жасау.
Дөңгелек үстел жұмысына негізгі 10 үздік мақала іріктелініп қорғауға жіберілді. Жұмыс барысында құрылған әділ қазылар алқасы қорғалған мақалалар арасынан үздік үштікті анықтады. Олар: І орын – Жеңіс Дәуірхан ГМУ-11к, ІІ орын – Құнанбаев Саяхат, ГМУ-11к, ІІІ оырн – Тұрсын Айдос ГМУ-32к. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды және олардың мақалалары алдағы уақытта университеттік студенттік конференция материалдар жинағына ұсынылатын болады.