Терроризм – қоғамға қауіпті

Терроризм – қоғамға қауіпті2016 жылдың қараша айының 17 жұлдызында шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушыларымен «Терроризм – қоғамға қауіпті» тақырыбында ЭБФ топтарында Қарағанды облысы ІІД Экстремизмге қарсы күрес жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Жан Акмолдиннің қатысуымен ашық кураторлық сағат жүргізілді. Іс-шараның мақсаты терроризмнің мәнін, оның түрлері мен мақсаттарын түсіндіру; өскелең ұрпақта қоғамдық сананы және азаматтық ұстанымды қалыптастыру. «Дөңгелек үстел» қатысушылары нақты мәліметтерге жүгінген Жан Акмолдинді қызығушылықпен тыңдады. Экстремистік ұяшықтар өз қатарларына тартумен айналысады. Олар әлеуметтік желілер арқылы жастар арасында ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан да, ата-аналарға қырағылық танытып және балаларының тәрбиесімен айналысу керек, ал жастарға танысқан кезде абайлау керек.

 

Терроризм – қоғамға қауіпті

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL