Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған интеллектуалды ойын.
2016 жылдың 21 қараша күні Бизнес және құқық факультетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының аға оқытушысы Копбулов Р.А., және оқытушы Сарбасов Б.А., ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Конституциясының 21 жылдығына арналған университеттің 1 курс студенттер арасында интеллектуалды ойын өткізді.
Егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден бір құжат – бұл Конституция. Ата заңымыздың алдында бәріміз де бірдей жауапты, бәріміз де бірдей міндеттіміз. 1995 жылы 30 тамызда республикамызды мекендеген барша ұлт пен ұлыстың атсалысуымен, кең көлемде қолдауымен еліміздің басты құжаты қабылданған. Бүгін сол Ата Заңымызға 21 жыл толып отыр.
Ойынның мақсаты ҚР Конституциясының негізгі нормаларын қарастырып, өз елінің патриоты және азаматы етінде тәрбиелеу, махаббатқа тәрбиелеу, өз еліне құрметпен қарап, мақтанышы болу, заңға бағынған азамат ретінде тәрбиелеу болып табылады
Ойын достық жағдайда өтті, студенттер ерекше ынта көрсетіп, қойылған барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді Ең белсенді 5 бірінші курс студенттері ерекше сыйлықтармен және мақтау қағаздармен марапатталды.
Құрметті әріптестер, студенттер!
Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтай отыра, оқуда сәттілік тілейміз!