Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – «Тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің кепілі» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел.
2016 жылдың 29 қараша күні Бизнес және құқық факультетінің экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – «Тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге факультеттің оқытушылары мен «Құқықтану», «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері қатысты.
1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерді.
Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақтан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырады. Дәл осы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Тізгінді қолға алған күні-ақ Елбасы қазақстандықтарға алдағы өмірдің жеңіл болмайтынын, бірақ жарқында жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатынын уәде еткен.