«Жібек жолы» қолөнер шеберлерінің көрмесі
Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы 30-шы қарашада «Көшпенді өркениеті мұрасы» Халықаралық Қоғамдық қорымен бірге ҚР-ң Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдау мақсатында қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесін өткізді.
Іс-шара барысында қолданбалы қолөнер шеберлері мастер-класстар өткізді. Келген қонақтар және де Малайзиядан келген студенттерде Жібек Жолы ғасырына тап болып, ұлттық құндылықтармен танысып, ұлттық асханадан дәм татты. Көрме нәтижесінде, қолөнер шеберлері өз туындыларын сата алады.