«Ізгілікті қолдайық» «Үміт сәулесі»қоғамдық қорының төрайымы Кравченко Т.И. кездесу.
Қарағанды Экономикалық Университетінде студенттердің «Үміт сәулесі»қоғамдық қорының төрайымы, сондай-ақ Қарағанды Қалалық маслихатының депутаты Кравченко Татьяна Ивановна мен кездесуі өтті.Татьяна Ивановна 18 жылдан астам уақыт ерекше қажеттілікті талап ететін балалармен жұмыс атқарып жүр.Осындай балаларды емдеу және әлеуметтік бейімделуі үшін қордың көмегімен құрылған орталықта барлық жағдайлар жасалған;бассейн,қытай массажистері,еңбекпен емдеуге,ертегімен емдеуге,жануарлардың көмегімен емдеуге көп назар аударылады.Жазда балалар ат спорты мектебіне барып,атқа мініп қыдыра алады. «Үміт сәулесі» өзінің көптеген тәрбиеленушілеріне мамандық алуға көмек көрсетті.
Кездесу ешкімді де немқұрайлы қалдырмады.Көптеген студенттер біздің университеттің волонтерлік қозғалысына қатысып,барлық мұқтаждық көргендерге көмек көрсетуге дайын екендігі туралы ниет білдірді.