Болгария және Германиядағы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет докторанттарының шетелдік ғылыми тәжірибесі
Аяганова М., Кернебаев А., Куттыбаева Н. и Муратбекова Ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің докторанттары 2016 жылдың 1 желтоқсанынан 15 желтоксанға дейін еуропаның жетекші жоғары оқу орындарында және ғылыми мекемелерде шетелдік ғылыми тәжірибе өтті. Бұлар: Болгарияның София қаласындағы Техникалық университеті, «Святой Климент Охридский» атындағы Софиялық университеті, Германиядағы Еуропаның Шығыс және Оңтүстік-Шығысты зерттеу институты.
Жұмыс кезінде докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі таныстырылып, диссертациялық зерттеу бойынша сұрақтар талқыланды. Докторанттар «Развитие высокотехнологичных предприятий» атты дөңгелек үстелге белсенді қатысқты, «Технические науки. Индустриальный менеджмент» атты Х халықаралық жастар арасындағы ғылыми конференцияның пленарлық отырысының қатысушысы болды, Еуропаның Шығыс және Оңтүстік-Шығыс зерттеу институттің базасында өткен «Steps of contract enforcement: The Lawyer's Guide for the Applied Economist» атты ғылыми-зерттеу семинарына қатысты.
Ғылыми тәжірибенің нәтижесі бойынша докторанттар шетелдік ғылыми кеңес берушілерінен жақсы пікірлер алды.