Қытай жаңа жылы
2017 жылдың ақпан айының 15 күні экономика және басқару факультетінің шетел және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен қытай күнтізбесі бойынша болатын Жаңа жыл мерекесі атап өтілді. Мерекеге «Халықаралық қатынастар» мен «Халықаралық экономика» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері шақырылды. Мерекелік бағдарлама екпінді және қызықты өтті. МО-21к, МО-22, МО-23, МО-32 және МО-33к топтарының студенттері көрермендерді қытай тілінде салынған әнмен тамсандырды, қонақтар қытай халық билерін тамашалады, жаңа жылдық қытай тағамдарымен танысты. Сонымен қатар келген қонақтармен қытай халқының Жаңа жылдық әдеп-ғұрыптары жайлы білімдерін тексеретін сұрақ-жауап ойыны өткізілді.