«Бизнес-серіктестік: халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы» халықаралық қазақстандық-оңтүстіккореялық форумы
2017 жылы 27 ақпанда «Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушылары Абеуова С.Т., Арыстан М.И., Сыздыкбеков Е.С., Талимова Г.У., Байгожина Г.М., және «Халықаралық қатынастар» мен «Әлемдік экономика» мамандықтарының 3 курс студенттері Қарағанды облысы әкімі Н.К.Абдибековтың қатысуымен өткен «Бизнес-серіктестік: халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы» атты халықаралық қазақстандық-оңтүстіккореялық форумына қатысты. Форумға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасы және Тэгу (Оңтүстік Корея) қаласы мэрінің орынбасары Ким Ён Чан мырза бастап келген делегация қатысты.