Білім беру жүйесінде реформалар туралы толқылау есеп-қаржы факультеттің Кеңесі
2017 жылдың 10 наурызында есеп-қаржы факультетінде жоғары білім саласындағы реформаларды қолдауға арналған кезектен тыс факультет Кеңесі өтті. Кеңес жұмысына факультеттің оқытушылары, қызметкерлері және студенттері қатысты. Келесі адамдар баяндама жасады: факультет деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Накипова Г.Е., «ҚСС» кафедрасының доценті Улаков Н.С., ҚҚЭУ ҰБТӨП директоры, «АЕЖ» кафедрасының доценті Аяжанов Қ.С., кураторлар Кеңесінің төрайымы, «БІ» кафедрасының доценті Сайфуллина Ю. М., Лог-31к тобының студенті Бекежан Алдияр. Дискуссиялық форматта отандық білім жүйесінің дамуы және модернизациялануының қазіргі заманға сай трендтері талқыланды.