ЖАСТАР. ҒЫЛЫМ. ЖАҢАШЫЛДЫҚ
2017 жылғы 26-27 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «Жаңа дәуір. Жаңа буын. Жаңа энергия» халықаралық студенттер слётін өткізеді.
Слёттің мақсаты: студенттік ғылымды дамыту, дарынды жастарды анықтау және қолдау.
Слёттің міндеттері:
- түрлі елдердің студент жастарының қарым-қатынасын арттыру;
- ЖОО-дарының жаңашылдық ортасын жетілдіру;
- студенттік ғылыми зерттеулер мен жаңашыл жобалардың негізін қалыптьастыру мен кеңейту;
- ғылыми-зерттеу қарекеті, бизнес және мемлекеттік құрылымдардың арасындағы байланыстарды кеңейту және тереңдету.
Студенттердің Халықаралық слётінің бағдарламасына:
1. «Жастардың болашаққа үлесі» жаңашылдық жобалар конкурс-көрмесі;
2. «Заманауи әлем және жастар: көзқарастар мен даму диалектикасы» студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы;
3. Ғылым мен кәсіпкерліктің өзекті мәселелері бойынша пікірталастар;
4. Бизнес-тренингтер және басқа да іс-шаралар кіреді.
- Халықаралық студенттер слёті келесідей бағыттарды қамтиды:
әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: философия, әлеуметтаным, жанжалтаным, дінтаным, филология, тарих, педагогика, психология, саясаттаным, құқықтаным және халықаралық қатынастар;
- экономикалық ғылымдар және кәсіпкерлік: экономика, менеджмент, қаржы, бухалтерлік есеп, маркетинг, бизнес, қонақжайлылық және туризм индустриясы, логистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, экология, халық шаруашылығын басқару;
- техникалық ғылымдар: ақпараттық технологиялар, математикалық және физикалық модельдеу, өндірістегі физико-техникалық және химиялық үдерістер, энергетика, өндірісті ұйымдастыру және өнім технологиясы, стандарттау және сертификаттау.
«Заманауи әлем және жастар: көзқарастар және даму диалектикасы» конференциясының секциялары:
1. Әлеуметтік-гуманитарлық мәселелер: жай-күйі және шешу жолдары.
2. Ұлтаралық және дінаралық келісім моделдері жастар көзімен.
3. Халықаралық және ұлттық құқықтың өзекті мәселелері.
4. Ұлт тілдері мен шет тілдерінің заманалық жағдайда дамуы.
5. Әлемдік және ұлттық экономикалардың заманалық мәселелері.
6. Заманалық қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және экологиялық қырлары.
7. Азық өндірісі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері.
8. Қызмет көрсету, менеджмент, маркетинг, туризм салаларын дамытудың жай-күйі мен келешегі.
9. Елдің қаржы тетігін және ақша-несие жүйесін жетілдіру.
10. Заманалық жағдайдағы бухгалтерлік есеп, талдау және аудит.
11. Заманалық үдерістерді талдау мен модельдеуде математикалық әдістерді қолдану.
12. Өндірістегі және білім беру жүйесіндегі ақпараттық жүйелер.
13. Энергетикалық жүйелерді дамыту келешегі: дәстүрлі және балама жолдар.
14. Өндірістің физико-техникалық және химиялық үдерістері.
Слеттің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Ғылыми мақалалар, ғылыми-зерттеу және жаңашылдық жобалар конкурстық іріктеуден, рецензиялаудан өтеді, плагиаттың бар-жоғына тексеріледі. Авторлық материалдардың дербестігі 60 %-дан кем болмауға тиіс. Деректердің шынайылығы мен мақала сапасы үшін жауапкершілік авторға жүктеледі.
Қазылар алқасы құрамына бизнестің, ғылымның, қоғамдық ұйымдардың және ЖОО-ның өкілдері кіреді. Қазылардың жұмысы екі кезең бойынша жүргізіледі: бірінші – жобаларды іріктеу кезеңі, соңғы – Слёт жұмысы күндері.
Ұсынылған жаңашыл жобаларды конкурстық іріктеуден өткен шетелдік қатысушылар үшін келіп-қайту жолақысы мен жатынақысын (ғылыми жетекші мен студенттер үшін) шақырушы тарап өз мойнына алады.
Іріктеудің бірінші кезеңін өткен жобарлардың макеттері, сызбалары, иллюстрациялары, нақты үлгілері Слёт күндері ҚҚЭУ-дің фойесінде көрмеге қойылады.
Жаңашыл жобалар конкурсының жеңімпаздары ақшалай және бағалы жүлделермен, сондай-ақ түрлі аталымдағы дипломдармен, мадақтамалармен марапатталады. Жаңашыл жобалар конкурсының бірінші орын иегеріне 200 мың теңге, екінші орын иегеріне – 150 мың теңге ақшалай сыйлық, үшінші орын иегеріне – 75 мың теңге тапсырылады.
Үздік баяндамалардың авторларына I, II, III дәрежелі дипломдар, ал бар қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
Конкурс пен конференция материалдары жинаққа шығарылады, оның электрон нұсқасы ҚҚЭУ-нің www.keu.kz сайтына ілінеді.
Конкурс жобаларының мақалаларын 2017 жылдың 03 сәуіріне дейін ұсыну қажет. Қазылар 2017 жылдың 08 сәуіріне дейін ұсынылған жобалардың конкурсқа жіберілгендігі туралы қорытынды шығарып, бұл жөнінде қатысушының электронды поштасына хабарлайды.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның баяндамалары 2017 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.
Шетелдік қонақтардың келуі слёттің ұйымдастыру комитетімен келісе отырып 2017 жылдың 25 сәуірінен басталады.
1 слет күні (26 сәуір)
10:00 – Слёттің ашылуы.
11:00 – Пленарлық отырыс.
13:00 – Түстік үзіліс.
14:30 – «Заманауи әлем және жастар: көзқарастар және даму диалектикасы» халықаралық ғылыми конференциясының секциялық отырыстары.
14:30 – «Жастардың болашаққа үлесі» жаңашылдық жобалар конкурсы.
18:00 – Мәдени бағдарлама және экскурсиялар.
2 слет күні (27 сәуір)
10:00 – «Жастардың болашаққа үлесі» жаңашылдық жобалар конкурсының жалғасы.
13:30 – Түстік үзіліс.
14:30 – Жаңашыл жобалар Конкурсының қазылар жұмысы.
14:30 – Ғылым мен бизнес бойынша пікірталастар және бизнес-треннингтер.
16:00 – Слётті қортындылау және жүлдегерлерді мен номинанттарды марапаттау.
17:30 – Мәдени бағдарлама.
Жаңашылдық жобалар конкурсына қатысу шарттары
Студенттердің ғылыми жұмыстарын жаңашылдық жобалар конкусына қатысуға жібергенде ЖОО төмендегідей құжаттарды жолдайды:
1) Жобаның түсіндірме жазбасы;
2) Жаңашыл жобаның аңдатпасы (1-қосымша);
3) Ғылыми жетекшінің пікірі (еркін нысанда);
4) Автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы мәліметтер (2-қосымша);
5) Конкурстың ЖОО-ішілік кезеңінің қортындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе хаттамамен рәсімделген ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің жобаны конкурсқа жіберу туралы шешімі (3-қосымша).
Жарияланымға қойылатын талаптар
Жобаның мақаласында: тақырып, автордың аты-жөні, оқу орны (өндірістік бірлестік, кәсіпорын), ғылыми жетекші көрсетіледі.
Мақалада жобаның өзектілігі, түйткіл, жоба идеясы; шешу тәсілі (тәсілі), жобаны іске асырудың нәтижелері мен келешегі. Зерттеу нысанының фотосы, нақты үлгісі мен бағдарламалық жүзеге асыру ортасы (анимациялары) болғаны құптарлық.
Мақала WinWord форматында бір файл түрінде ұсынылады.
Параметрлері: парақ форматы – А4, бос жиектер 2 см-ден. Мақала парақ нөмірлері қойылмаған 6 беттен аспауы керек. Қаріп: Times New Roman, 12 кегль. Жоларасы бір интервал. Азат жол 1,25 см шегініспен. Мәтін қосқапталды қамти түзіледі. Формулалар мен суреттер мәтін тезисіне нысан ретінде қойылады.
Әдебиетке сілтеме тік жақшаға алынады, мысалы [1, б. 152] Әдебиет тізімі қолданыстағы стандарт бойынша рәсімделеді. Суреттерге сілтеме мәтін барысында міндетті.
Жарияланым мен жинақтың бір данасының құны – 2000 теңге. Қосымша жинақтың құны – 2000 теңге.
Халықаралық студенттер слёті аясында өткізілетін жаңашыл жобалар конкусры мен конференцияға қатысуға өтінімдер (4-қосымша), жоба мақалалары және баяндамалар Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды мекенге қабылданады.
Анықтамалар мына телефондар бойынша: 8-721-2-44-16-34 (вн. 65-64), 8-747-640-18-79, 8-778-108-86-96 және www.keu.kz сайтында.
Cлёт өтетін мекен: Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті. Қарағанды қ-сы, Академическая көшесі, 9.
Автобустар: 3, 19, 30, 31, 44.