Дөңгелек үстел: «Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты ата-аналардың алименттік міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі»
2017 жылдың 14 наурызында Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты ата-аналардың алименттік міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оның жұмысына Қарағанды қаласы Қазыбек би атыдағы аудан прокурорының көмекшісі Назарбеков С.Т., Қазақстан мұсылман діни басқармасы Республикалық діни бірлестігі филиалының имамы Абильдаев Б.Қ., «Приход Введенского Кафедрального Собора» жергілікті православті діни бірлестік протоиерейі Михаил Патрикеев, Қарағанды қаласы Оңтүстік-шығыс аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің аға сот орындаушысы Саттыбаева Г.Г. және ҚҚЭУ «Құқықтану» мамандығының студенттері қатысты. Дөңгелек стол барысында тәжірибелік қызметкерлерге сұрақтар қойылып, аталған мәселе төңірегінде қызу пікірталас жүргізілді.